RU

Күйеуі соққыға жыққан Баян Есентаева бірден Францияға кетіп қалған

Танымал продюсер, актриса және тележүргізуші Баян Есентаева қайда жүргенін нақты ашып айтты, деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол Instagram әлеуметтік желісіне видео жариялап, одан оның Франциядағы Бордо қаласының маңында жүргені айқындалды.

Өзі түсірген роликте продюсер жанармай құю бекетінде жүріп, оның ішінде не бар, не жоғын оқырмандарға түгендеп берген. Бұл жердің адамның өмір сүруі үшін аса қолайлылығы жайында сөз қозғаған актриса, біздің елдің дамуы біршама артта қалғанын айтып, наразылығын білдіреді.

"Мына жерде ыстық тамақ алуға болады, таңдау өте көп. Міне, балаларға пюре дейсіз бе, сусындар, шарап. Францияда шарапты аса қатты жақсы көреді. Бірақ оны жанармай құю бекетінде сататыны біртүрлі қызық. Былай қарасаңыз, бұл Борда қаласының маңындағы шағын ғана кәдімгі жанармай құю бекеті ғой. Ыстық француз тоқаштары, тап-таза әжетханалар әр 30 километр сайын сізді күтіп тұрады. Біздің елде саяхаттайтын саяхатшылар үшін, біздің халық үшін, еліміз үшін шынымен өкінішті», - дейді Есентаева.

Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың 10 маусымында қазақстандық продюсер Баян Есентаеваны күйеуі Бақытбек Есентаев ауыр соққыға жығып, ол Талғар аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінен бірақ шыққан еді.

Бұдан соң, оның күйеуі Бақытбектің тұтқынға алынғаны белгілі болған. Ал тамыздың 3 күні оның абақтыда отыру мерзімі тағы бір айға ұзартылған болатын. Баян 20 маусым күні ауруханадан шығарылып, кейіннен оның Германияда сауықтыру орталығында жатқаны белгілі болған.

Осыдан бес күн бұрын оның соққыға жығылғаннан кейін салған алғашқы суреті жарияланып, қалың жұртшылықтың қуанышы қойнына сыймаған еді. Бүгінде продюсердің суреттері желіде жиі жарияланып жүргенімен, ол өзінің бет-жүзін көрсетпей түсіп жүр. Дегенмен, оның суреттеріне әншінің денсаулығы қалпына келе жатқанын байқауға болады.

Тағы да оқыңыздар:

Маңғыстау облысында жарысқа аттанған 13 спортшы жол апатына ұшырады

40 жасында ана атанған ақтөбелік келіншек елдегі кәрі қыздарға кеңес берді (фото)

Мәдениет министрі қай боксшының жеңілісі жанына қатты батқанын айтты

Шымкентте BMW көлігімен төрт адамды қаққан жас жігіт елден қашып кеткен (фото)

ҰҚК адамдар көп жиналатын жерлерде бірнеше теракт жасамақ болғандарды ұстады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1228961-kuyeui-soqqygha-zhyqqan-bayan-esentaeva-3.html