RU

Теміртаулық депутат сейфінен 45 мың доллары жоғалғанын айтып, шу шығарды

Теміртау әкімдігінің қызметкерлері депутат Фарит Валеевтің сейфінен ақша ұрланғалы бері өз өмірлері үшін қорқып отыр. Бұл туралы ratel.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Полицейлердің қалалық мәслихат депутатының сейфіне түскен ұрыны іздестіріп жатқанына бір апта уақыт болды. Фарит Валеевтің сейфі 13 тамыз күні тоналған. Алайда бұл жайт белгілі себептермен құпия сақталған болатын.

Дәл қалалық әкімдік ғимаратындағы депутаттың жұмыс кабинетінен ақшаны кім ұрлағаны әлі де белгісіз. 45 мың доллары ғайып болғанын түсінген депутат сол жерде шу шығарған. Алайда полицейлер келгенде депутат өзінің 780 мың теңгесі ғана жоғалғанын айтып, арыз жазады.

Бұл жайттан соң әкімдіктің заңгері Шолпан Темірбекова WhatsApp мессенджері арқылы достары мен әріптестеріне Теміртау прокуроры мен ІІБ басшысының атына жазған шағымын таратып жібереді. Аталмыш шағымда әйел өзі немесе отбасымен қайғылы жайт болса, бәріне депутат Фарит Валеевті кінәлауды сұрайды.

"Аяқ-асты мен немесе менің отбасымның бір мүшесі қайғылы жайтқа (кенеттен қаза болу, жарақат алу т.т.) душар болса, бәріне депутат Фарит Валеевті кінәлауларыңызды сұраймын", - деп жазған шағымда заңгер.

"Валеев - бірнеше шақырылымда депутат болған адам, оның байланыстары көп. Ол телефон арқылы мені сұрақтың астына алды. Ұрлыққа қатысты барлық сұрақтарға мен тек құқық қорғаушы органдар сұраған жағдайда жауап беремін", - дейді телефон арқылы Шолпан.

Заңгердің айтуынша, ол ғана емес, өзге де әкімдік қызметкерлері депутаттың қаражаты ұрланғаннан кейін өз өмірлері үшін қорқып отыр.

Тағы да оқыңыздар:

Маңғыстау облысында жарысқа аттанған 13 спортшы жол апатына ұшырады

40 жасында ана атанған ақтөбелік келіншек елдегі кәрі қыздарға кеңес берді (фото)

Мәдениет министрі қай боксшының жеңілісі жанына қатты батқанын айтты

Шымкентте BMW көлігімен төрт адамды қаққан жас жігіт елден қашып кеткен (фото)

ҰҚК адамдар көп жиналатын жерлерде бірнеше теракт жасамақ болғандарды ұстады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1228964-akimdik-qyzmetkeri-ayaq-asty-qaza-bols.html