RU

Қытайлық спортшы Сапарбаевқа қазақ тілін үйреніп аламын деп уәде берді (видео)

Кеше ақтөбеліктер әуежайдан Рио Олимпиадасының қола  жүлдегері Фархад Харкиді күтіп алды. Ауыр атлет Қазақстан құрамасында жаттығып, Ақтөбенің атынан қатысқан болатын.

Ұшақтан түскен спортшыны ақын Жұлдыз Қожабекова «Алаштың асыл Фархады» деп Айнұр Тұрсынбаеваның мақамымен өлеңдетіп күтіп алды деп хабарлайды NUR.KZ.

«Мен бірінші орын алуды армандадым. Алдағы Олимпиадада осы арманымды жүзеге асырамын деп ойлаймын. Жеңісімді «папа Талғат» деп атап кеткен алғашқы бапкеріме арнаймын. Маған қолдау білдірген барлықтарыңызға рахмет. Мен Қырғызстанның Ош қаласында тудым. Көбіне құрама командамен бірге Алматы қаласында жаттықтым. Келесі Олимпиадада тағы да Ақтөбенің атынан шығамын. Қазақ тілін үйреніп, Қазақстанның намысын қорғаймын», - дейді ауыр атлет Фархад Харки.

62 келі салмақта үздік үштікке енген Фархад Харкидің жаттықтырушылары оның 2020 жылы өтетін Токиодағы Олимпиадада жасындай жарқырайтынын айтады.

«Ол қоссайыста 305 келі көтергенімен, оның жұлқа көтеруге әлі 15 келідей қосуға мүмкіндігі бар. Жарақат алмай келесі жылдан бастап дайындалса, жетістігіміз бұдан да жоғары болады», - дейді спорт ардагері Қадіржан Ізғарин.

ХХХІ жазғы Олимпиадада ойындарынан 22-ші орын алған Қазақстан құрама командасының спортшыларын халық үлкен қошеметпен күтіп алып жатыр. Ақтөбеде де Қазақстанға қола сыйлаған Фархадтың құрметіне автошеру ұйымдастырылды.

«Дүние жүзін дүрліктірген Бразилиядағы олимпиада ойындары бітті. Екі жүзден аса мемлекет қатысқан бәсекеде Қазақстан 22-ші орын алды. Бұл Қазақстанның тарихында болмаған көрсеткіш. Ақтөбенің атынан қатысқан Фархад бауырымыздың қола әкелгені үлкен қуаныш. Біз ойлаймыз, Фархадтың бүгінгі жеңісі жастарға үлгі болады. Бұл Ақтөбенің бірінші жеңісі деп есептейміз. Бұл жеңістердің соңы емес. Құдай бұйыртса, келесі Токиода болатын Олимпиада ойындарында Ақтөбенің спортшылары үлкен жеңіске жетеді деп сенейік. Бәріміз спортты қолдасақ мемлекетіміздің абыройы өседі», -деді Бердібек Сапарбаев.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Өзбекстандағы қазақ балуаны: Қазақстанда мені қысып тастады (фото)

Күйеуі соққыға жыққан Баян Есентаева бірден Францияға кетіп қалған

Маңғыстау облысында жарысқа аттанған 13 спортшы жол апатына ұшырады

40 жасында ана атанған ақтөбелік келіншек елдегі кәрі қыздарға кеңес берді (фото)

Мәдениет министрі қай боксшының жеңілісі жанына қатты батқанын айтты

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1228988-qytaylyq-sportshy-saparbaevqa-qazaq-t.html