RU

Жазғы демалыста жүгері теріп жүрген Сәкен Майғазиев тыңдармандарын сүйсінтті (фото)

Белгілі әнші Сәкен Майғазиев демалысын ауылдағы анасының жанында өткізіп жатыр, деп хабарлайды NUR.KZ.

МузART тобының әншісі Сәкен кезекті демалысын өзге әншілер секілді шетелде немесе демалыс орындарында емес, ауылда, егістіктің басында өткізіп жатқан көрінеді.

Бұл туралы оның Instagram желісіндегі парақшасынан белгілі болды.

Бұдан бір күн бұрын Сәкен Шымкент маңындағы Созақ ауданында тұратын анасының үйіне баратынын хабарлаған болатын.

«Сүйейін қолыңды ұстап, Жұмақтың жолын нұсқап... Бисмилләh! Әжелеріне немерелерін иіскетуге ауылға тарттық. АЛЛА - ұлық!», - деп жазды әнші парақшасына.

Енді, міне, ол немерелерін иіскетіп, маңдайынан сүйгізу үшін анасына барып, ауылдағы үйіндегі суреттерін салып, желі қолданушыларының алғысына бөленді.

«Аман-есен анамызбен қауыштырған Аллаға мақтау болсын. Раxат Рәкең мен Мәкеңдікі болып жатыр. Анама сәлемдеріңізді жеткіздім. Сіздерге де батасын беріп жатыр», -деп жазып, әнші қарт анасының суретін салды.

Сәкеннің ауылдағы қызықтары мұнымен біте қоймады. Тыңдармандар әншінің ауылға барып, тек жатпай, «еңбек еткеніне» де куә болды. Ол қара шаңырақта жүріп, оқырмандарын «жүгері жинау және оның жолдарымен» таныстырмақ болды.

Егістікте жүгері жинап жүрген жерінен қолданушыларға ыстық сәлем жолдады. Бұл тұста оқырмандар Сәкеннің тағы бір құпиясын біліп қойды. Сәкеннің жүгері мен жоңышқаға аллергиясы бар екен. Бірақ туған ауылына аунап-қунауға келген әнші үшін бұл кедергі емес секілді. Бетіне сүлгі жауап алып тұрып, әнші «басты жұмысына» кірісіп кетті.

Қолданушылар «Сәкен Майғазиевтің ауылдағы хикаяларын» асыға күтетінін айтып, мәз болысты. Сонымен бірге, олар әншіге анасын құрметтеп, елге үлгі болып жүргені үшін алғысын білдірді.

Тағы да оқыңыздар:

Мәсімовтің жиналысында іші пысқан министрлер Instagram-ның қызығына батты (фото)

Маңғыстау облысында жарысқа аттанған 13 спортшы жол апатына ұшырады

40 жасында ана атанған ақтөбелік келіншек елдегі кәрі қыздарға кеңес берді (фото)

Мәдениет министрі қай боксшының жеңілісі жанына қатты батқанын айтты

Қытайлық спортшы Сапарбаевқа қазақ тілін үйреніп аламын деп уәде берді (фото)

Күйеуі соққыға жыққан Баян Есентаева бірден Францияға кетіп қалған

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1229029-zhazghy-demalysta-zhugeri-terip-zhurgen-s.html