RU

Ақтауда алты жасар қызды зорлаған болуы мүмкін азаматтың видеосы желіде тарап кетті (видео)

Ақтауда алты жасар қызды зорлаған күдікті болуы мүмкін ер адамның видеосы желіде тарап кетті. Онда ер адамның дүкенге кірген сәті бейнекамераға түсіп қалған. Бұл туралы Тумба.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Басылымның ақпаратына сәйкес, қыз баланың айқайлағанын естіп, ер адамның Nexia көлігіне отырып жатқанын көрген куәгер табылған.

Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің NUR.KZ порталына берген мәліметіне сәйкес, бұл видеоны полицейлер зерттеп жатыр. Әзірге қандай да бір тұжырым жасауға ерте.

Қыз баланың жағдай әлі күнге дейін ауыр деп жазады  «Лада».

«Қыз бала әлі күнге дейін ауыр халде. Әзірге ешқандай өзгеріс жоқ», - дейді бас дәрігер Кәмшат Тұрсынбекова.

Еске салсақ, қайғылы жайт 20 тамыз күні болған. Алты жасар қыз әжесімен бірге Ақтаудағы "Иваныч" дүкеніне келген. Әжесі қайта-қайта далаға шығамын деп мазалаған немересін әкесіне айтып, алып кетуді өтінген.

Алайда, ұшты-күйлі жоқ болып кеткен алты жасар қыз әкесінің қасынан да табылмады. Өздері біршама іздеп, нәтиже болмаған соң қыздың ата-анасы полицияға хабар береді.

Полицейлер қансырап, есінен танып жатқан қызды жағажайдан табады. Оны дереу балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізген. Күдіктінің фотороботы жасалды.

Тағы да оқыңыздар:

Мәсімовтің жиналысында іші пысқан министрлер Instagram-ның қызығына батты (фото)

Қытайлық спортшы Сапарбаевқа қазақ тілін үйреніп аламын деп уәде берді (видео)

Теміртаулық депутат сейфінен 45 мың доллары жоғалғанын айтып, шу шығаруда

Еркекті бағындырудың амалдары қандай?

ОҚО-дағы әулиелерге зиярат еткен Мәсімов қайтадан қазақша сөйлеп кетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1229098-aqtauda-alty-zhasar-qyzdy-zorlaghan-bol.html