RU

Танымал отандық актриса түсірілім кезінде аттан құлап қалды (фото)

Белгілі актриса Гүлнәз Жоланова түсірілім кезінде қалай аттан құлап, жарақат алғанын айтып берді, деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы  актриса comode.kz сайтына айтты.

Қазақ көрермендеріне «Махаббатым жүрегімде», «Құстар әні» секілді кинокартиналар арқылы танымал болған Гүлнәз Жоланова биыл бірден бірнеше жобаларға қатысты. Ол «Бизнес по-казахски», «Тараз» секілді фильмдеріне түсіп бола сала, режиссер Жасұлан Пошановтың “Қашғарға саяхат” атты фильмінің кезекті түсіріліміне кірісіп кетті. Актрисаның айтуынша, бұл оның өміріндегі ең күрделі картиналардың бірі болған.

«Менің қылышпен шайқасатын көріністерім бар. Оның барлығын Nomad каскадерлар тобы үйретті. Жаттығулар шілденің басынан басталып, екі апта бойы жалғасты. Небары 14 күннің ішінде атқа отырып, қолға қару алып, батырларша шайқасып үйрену керек болды», -дейді актриса.

Мұнымен қоймай, актриса барлық трюктарды өзі ойнағанын жеткізді. Осының арқасында ол аттан да құлап, жарақат та алған көрінеді. Жарақаттардан кейін Гүлнәз тіпті үш күн бойы бойы тұра алмай жатып қалған.

«Ат деген ойыншық емес екен. Одан басқа түсірілім жаздың ыстық күндері болды. Ал біздің үстімізде қабат-қабат киім, қолымызда ауыр қару-жарақ. Соның барымен не аттың үстінде шабасың, не шайқасасың, не болмаса екеуін де қатар жасайсың. Ол аз болғандай Іле жағасындағы шыбын-шіркей әбден мазамызды қашырды. Менің актерлік тәжірибемдегі ең қиын түсірілім осы шығар», - деп бөлісті әсерлерін актриса.

Актрисаның хабарлауынша, аталған кинокартина тарихи болмақ. Себебі ол Шоқан Уәлиханов, оның Қашқар еліне жасаған саяхаты жайында түсіріледі. Киноның сценариі 22 жастағы Шоқанның тыңшы ретінде Қашқарға барып қайтқан сапары бойынша өрбиді. Бұл тұста Гүлнәз Шоқан Уәлихановтың сүйіктісі – қыпшақ қызы Ажардың рөлін сомдайды.Танымал актриса түсірілім кезінде аттан құлап, жарақат алған

Тағы да оқыңыздар:

Мәсімовтің жиналысында іші пысқан министрлер Instagram-ның қызығына батты (фото)

Қытайлық спортшы Сапарбаевқа қазақ тілін үйреніп аламын деп уәде берді (видео)

Теміртаулық депутат сейфінен 45 мың доллары жоғалғанын айтып, шу шығаруда

Еркекті бағындырудың амалдары қандай?

ОҚО-дағы әулиелерге зиярат еткен Мәсімов қайтадан қазақша сөйлеп кетті (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1229308-tanymal-otandyq-aktrisa-tusirilim-ke.html