RU

Ләйлә Сұлтанқызы қазақша тәрбиемен өскен баланың жаман болмайтынын кесіп айтты

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы орысша тәрбиеленген бала мен қазақы тәрбиеден сусындаған баланың ара-жігін ажыратып берді, деп хабарлайды pandaland.kz порталына сілтей отырып NUR.KZ.

«Әйел бақыты» бағдарламасының жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы бала тәрбиесіне қатысты пікірлерін, өз тәжірибесіне сүйене отырып, айтып берді. Жүргізушінің айтуынша, ұлдары Сағадат пен Сардар оны үнемі мені іздеп отырады. Тіпті, Ләйләнің екі ұлы да жатар алдында анасының білегін сипамай, ұйықтамайды екен.

«Қатал анамын деп айта алмаймын. Бірақ қатты еркіндікке де жібермеймін. Бос уақыттарының барлығын пайдалы өткізгенін қатты қадағалаймын. Сабақ одан бөлек қосымша сабақтары, шахмат, бассейн, футбол сияқты үйірмелерге қатыстырамын», -деді ол.

Сонымен бірге тележүргізуші орысша тәрбиленген бала мен қазақы тәрбие көрген баланың айырмашылығы жөнінде де ойын ортаға салды.

«Тәрбие тілге, ұлтқа бөлінбейді деп есептеймін. Бала отбасынын қандай тәрбие алса дәл сондай болып жетіледі. Сондықтан баламыздың тәрбиесі жақсы болғанын қаласақ бірінші өзімізді тәрбиелеу керек. Жалпы қазақ халқының салт дәстүрлерін бойына сіңіріп өскен бала жаман болмайды. Үлкенге құрмет, кішіге ізет дегеннің бәрі де осы біздің салтымыздан. Мен балаларыма үнемі ертегілер оқытып мейлінше қазақи дәстүрге сіңдіріп өсіргім келеді», - деген пікірін жеткізді жүргізуші

Сонымен бірге, Сұлтанқызы балалар тек білімге ғғана ұмтылыс жасау керек деген пікірін де айтып қалды. Оның ойынша, «ең бастысы, жас кезден бастап еңбекқор болу керек».

Тағы да оқыңыздар:

Мәсімовтің жиналысында іші пысқан министрлер Instagram-ның қызығына батты (фото)

Қытайлық спортшы Сапарбаевқа қазақ тілін үйреніп аламын деп уәде берді (видео)

Теміртаулық депутат сейфінен 45 мың доллары жоғалғанын айтып, шу шығаруда

Еркекті бағындырудың амалдары қандай?

ОҚО-дағы әулиелерге зиярат еткен Мәсімов қайтадан қазақша сөйлеп кетті (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1229373-layla-sultanqyzy-qazaqsha-tarbiemen-o.html