RU

Арыстанбек Мұхамедиұлы Левитке алтын медаль жасау үшін ақша аударғанын айтып мақтанды

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Риода алтыннан қағылып, күміс алған боксшы Василий Левитке алтын медаль жасап беру үшін өз қалтасынан ақша аударды.

Бұл туралы министр Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапарында айтып қалды, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Үкімет басшысы бастаған топпен оңтүстікке сапарлатқан Арыстанбек Мұхамедиұлы тілшілермен тілдесіп тұрып, құпиясын жайып салды.

«Ғаламторда оқыған болсаңыздар, Василий Левитке алтын медаль жасап беру үшін қаражат жиналып жатыр ғой. Құпия ретінде айтайын, мен де оған ат салыстым»,-деді Мұхамедиұлы.

«Бұл бастамаға ұйымдастырушы ретінде ат салысып отырсыз ба?» деген сұраққа Мәдениет пен спорт министрі «Жоқ, ақша аудардым» деп жауап қатты. Алайда Арыстанбек Мұхамедиұлы аударған қаржы көлемін айтқысы келмеді.

«Енді оны айту ыңғайсыздау. Бір айлық жалақымды тұтастай аударуыма болатын еді. Бірақ халықтың қатысып жатқаны қызық емес пе?! Егер мен тұтастай қаржыны аударсам, «Рахмет, бұл тақырып жабылды» деп қоя салатын еді. Бұл түк қызықсыз ғой», - деп ойын түйді министр.

Естеріңізге сала кетейік, боксшы Василий Левиттің Рио Олимпиадасында алтыннан қағылғаны қазақстандықтардың шамына тиген. Сөйтіп танымал блогер Ғалым Байтоқ әлеуметтік желідегі парақшасында Левит елге келген соң оған Олимпиада алтыны секілді медаль жасап беру үшін халыққа қаражат жинауды ұсынған болатын. Бұл ел ішінде қолдау тапты.

Жазба авторының айтуынша, Ұлттық банк аталмыш медальді алтыннан аптап беруге дайын екенін мәлімдеген. Алтынмен апталатын медаль құны - 1 миллион теңге.

Тағы да оқыңыздар:

ОҚО тұрғыны 250 мың долларды Олимпиада чемпиондарына емес, көпбалалы аналарға беруді ұсынды

Мәсімовтің жиналысында іші пысқан министрлер Instagram-ның қызығына батты (фото)

Теміртаулық депутат сейфінен 45 мың доллары жоғалғанын айтып, шу шығаруда

Еркекті бағындырудың амалдары қандай?

ОҚО-дағы әулиелерге зиярат еткен Мәсімов қайтадан қазақша сөйлеп кетті (фото)

Дариға Назарбаева оңтүстікте бала санының тым көбейіп кеткеніне алаңдады (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1229393-arystanbek-mukhamediuly-levitke-alty.html