RU

Жас жігіт өзімен танысқысы келмеген бойжеткеннің бетіне орындық лақтырып жіберді

Өскемендегі кафелердің бірінде жанжал туындады. Жас жігіт өзімен танысуға келіспей қойған бойжеткеннің бетіне орындық лақтырып жіберді. Бұл туралы YK-news.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Кафеде 23 жастағы жігіт бойжеткенмен танысуға ниет білдіреді. Алайда оны жақтырмаған ару танысудан бас тартады. Бұл жігіттің ашуын келтіргені соншалық, ол 22 жастағы бойжеткеннің бетіне сол жердегі орындықты лақтырып жіберген.

Зардап шегуші полицейрге шағымданды. Тәртіп сақшылары ашушаң жігітті қамауға алды. Ал бойжеткеннің денсаулығына нұқсан келген-келмегені туралы ешқандай ақпарат берілмеді.

Тағы оқыңыздар:

Ақтауда алты жасар қызды зорлаған болуы мүмкін ер адамның видеосы жарияланды (видео)

Арыстанбек Мұхамедиұлы Левитке алтын медаль жасау үшін ақша аударғанын айтып мақтанды

ОҚО тұрғыны 250 мың долларды Олимпиада чемпиондарына емес, көпбалалы аналарға беруді ұсынды

Дариға Назарбаева оңтүстікте бала санының тым көбейіп кеткеніне алаңдады (фото)

Назарбаев Түркияда болған терактіге байланысты Ердоғанға көңіл айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1229575-oskemende-zhas-zhigit-ozimen-tanysugha-k.html