RU

Ақтау тұрғыны алты жасар қызды зорлаған адамды тауып берген жанға 100 мың теңге бермек

Ақтауда алты жасар қызды аяусыз зорлаған ер адам іздестірілуде. Жергілікті тұрғындардың бірі қылмыскерді тауып берген адамға 100 мың теңгесін беруге әзір. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Ладаға» сілтеме жасап хабарлайды.

Көлікке қызмет көрсету станцияларының қожайыны өз Instagram парақшасында қылмыскерді тауып бере алатын адамға сыйақы тағайындағанын жазған.

"Менің де он жасар қызым бар. Бұл - мен үшін жантүршігерлік қылмыс. Сол себепті азаматтық ұстанымымды көрсетуді ұйғардым. "Пиар" үшін немесе полицейлерге көмектесу үшін емес, бұл оңбағанды тауып, жазасын бердіру үшін және әлемдік әділеттілікті орнату үшін осылай етпекпін", - деп жазған сыйақы тағайындаушы Александр.

Сол арада, желіде алты жасар қызды зорлаған күдікті болуы мүмкін ер адамның видеосы тарап кетті. Онда ер адамның дүкенге кірген сәті бейнекамераға түсіп қалған. 

Ақтау ІІБ қызметкерлері бейнежазбаға күдіктінің түсіп қалуы әбден мүмкін екенін растап отыр.

"20 тамыз күні шамамен сағат түскі 12-13:30-да бірінші ықшамауданның №29 үйінің алдынан азиаттық бет-әлпеттегі ер адам алты жастағы қыз баланы "Приморский" ауылына қарай алып кеткен. Баланы зорлағаннан кейін оны бұталар арасына тастай салған. Ақтау тұрғындарынан осы уақытта көлігімен жағажайдан өткен болса, ерінбей көліктегі бейнетіркеуіштерін бір қарап шығуды сұраймыз. Қандайда бір ақпарат бере алсаңыз, бізге хабарласыңыз. Аты-жөніңіз құпия сақталатынына кепілдік береміз. Күдіктінің сипаттамасы: ер адам шамамен 35-45 жаста, мұрты бар болуы мүмкін", - дейді Ақтау ІІБ басшысының орынбасары Асхат Омаров.

Еске салсақ, қайғылы жайт 20 тамыз күні болған. Алты жасар қыз әжесімен бірге Ақтаудағы "Иваныч" дүкеніне келген. Әжесі қайта-қайта далаға шығамын деп мазалаған немересін әкесіне айтып, алып кетуді өтінген.

Алайда, ұшты-күйлі жоқ болып кеткен алты жасар қыз әкесінің қасынан да табылмады. Өздері біршама іздеп, нәтиже болмаған соң қыздың ата-анасы полицияға хабар береді.

Полицейлер қансырап, есінен танып жатқан қызды жағажайдан табады. Оны дереу балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізген. Күдіктінің фотороботы жасалды.

Тағы оқыңыздар:

Ақтауда алты жасар қызды зорлаған болуы мүмкін ер адамның видеосы жарияланды (видео)

Арыстанбек Мұхамедиұлы Левитке алтын медаль жасау үшін ақша аударғанын айтып мақтанды

ОҚО тұрғыны 250 мың долларды Олимпиада чемпиондарына емес, көпбалалы аналарға беруді ұсынды

Дариға Назарбаева оңтүстікте бала санының тым көбейіп кеткеніне алаңдады (фото)

Назарбаев Түркияда болған терактіге байланысты Ердоғанға көңіл айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1229626-aqtau-turghyny-alty-zhasar-qyzdy-zorlagh.html