RU

Ақтөбеде мас күйінде адам қағып өлтірген әкім сотталып кетті

Ақтөбе облысында мас күйінде жас жігітті көлігімен қағып өлтірген әкім 5 жылға абақтыға қамалды. Бұған қоса ол марқұмның туыстарына 2 млн теңге моральдық шығын төлеуі тиіс.

Бұл жөнінде облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Kerek-info.kz.

Мұғалжар аудандық соты Кеңқияқ ауылының бұрынғы әкімі Нұрлыбек Қалмағанбетовке үкім шығарды. Ол енді алдағы 5 жылын жалпы режимдегі түзеу колониясында өткізеді. Бұған қоса көлік басқару құқығынан 7 жылға айырылады. Тергеу кезінде әкімнің жол апатын мас күйінде жасағаны белгілі болды.

Ең сорақысы, ол бұған дейін де көлік жүргізу құқығынан айырылған екен. Мұнысымен қоймай, қылмыс болған жерден кетіп қалған. Алайда сот отырысы кезінде ол мұның бірде-бірін мойындаған жоқ.

Судья сотталушының ішімдік ішкенін анықтау кезінде заңсыздыққа жол берген облыстық денсаулық басқармасына жеке қаулы шығарды. Істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде із жүргізу заңнамасының бұзылуына жол бергені үшін Ақтөбе облысының ішкі істер Департаментіне де ескерту жасады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Түркияда болған терактіге байланысты Ердоғанға көңіл айтты

Ақтауда алты жасар қызды зорлаған болуы мүмкін ер адамның видеосы жарияланды (видео)

Арыстанбек Мұхамедиұлы Левитке алтын медаль жасау үшін ақша аударғанын айтып мақтанды

ОҚО тұрғыны 250 мың долларды Олимпиада чемпиондарына емес, көпбалалы аналарға беруді ұсынды

Дариға Назарбаева оңтүстікте бала санының тым көбейіп кеткеніне алаңдады (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1229641-aqtobede-mas-kuyinde-adam-qaghyp-oltir.html