RU

Әйел затын естен тандырған он ұсқынсыз ер адам

Олар, сондай тартымды. Жоқ, керісінше, олар соншалықты ұсқынсыз, бірақ дүниежүзіндегі барлық дерлік қыз-келіншек олар десе «ішкен асын жерге қояды».

Бұл туралы NUR.KZ порталы bigpicture.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

1. Хью Лори

Доктор Хаус рөлін сомдағаны үшін Хьюді бәрі жақсы көріп кеткен. Себебі, бұл рөлге дейін комедиялық рөлдерді ойнап жүрген актерді ешкім байқамаған да. Бірақ оның бұл рөлі шын мәнінде оған деген ғашықтық көзқарастарды арттыра түсті.

2. Бенедикт Камбербэтч

Бұл актер шынымен де ұсқынсыз дер едік. Бірақ, оның данышпандығының өзі оны тартымды етіп тұрады. Яғни, қыз-келіншек атаулыны өзіне тартып тұрады.

3. Серж Генcбур

Төрт рет отбасын құрып, ажырасқан Серждің нақсүйерлері өте көп. Неге екені белгісіз. Бет-әлпеті болса, көріп тұрғандарыңыздай.

4. Эдриан Броуди

Қыр мұрын, қыр болғанда да шектен тыс. Ал көзі үнемі «мұнайып» тұрады. Бірақ оның тартымдылығы да дәл осы көзінде жатқан секілді. Оның «бақытсыз» көрінетіні соншалық, тіпті оны осы үшін жақсы көргің келіп кетеді.

5. Дэнни Трехо

Трехо ойнайтын рөлдердің барлығы – қарапайым мексикалық жігіт. Бірақ, әйел заты оның бойынан басқа ешкім көре алмайтын бір түйір тартымдылық тапқан секілді. Себебі, ол тартымдылардың ішіндегі тартымдысы саналады екен.

6. Микки Рурк

Микки Рурк кезінде тартымды жігіттер санатында болатын. Кейін бәрі өзгерді. Оның бойындағы ешкімде жоқ ерекше дарынын әйел заты ғана байқайтын секілді. Олар үшін – Микки аса сымбатты.

7. Жерар Депардье

Мсье Депардье қазір де, жас кезінде де тартымды болды деп айта алмаймыз. Қазір оның тіптен қарны шығып, күлкілі көрінеді. Сонысымен тартымды әрі сүйкімді.

8. Марк Энтони

Түрінен адам шошиды. Бірақ Джей Лоның оған неліктен тұрмысқа шыққанын бәріміз де түсініп отырған шығармыз.

9. Тим Рот

Тим Рот — кез-келген рөлді сомдай алады. Ал оның түрінің біртүрлі екені ешкімді қызықтырмайды. Бастысы – дарындылық.

10. Адриано Челентано

Ұсқынсыз, бірақ әйелдер Челентаноны түрі ең қорқынышты бола тұра, аса тартымды ер ретінде атап кеткен. Неліктен екені түсініксіз. Ол бірнеше ұрпақтың қыз-келіншегін өзіне ғашық ете алған адам ретінде тарихта қалғаны рас.

Тағы оқыңыздар:

Ақтауда алты жасар қызды зорлаған болуы мүмкін ер адамның видеосы жарияланды (видео)

Арыстанбек Мұхамедиұлы Левитке алтын медаль жасау үшін ақша аударғанын айтып мақтанды

ОҚО тұрғыны 250 мың долларды Олимпиада чемпиондарына емес, көпбалалы аналарға беруді ұсынды

Дариға Назарбаева оңтүстікте бала санының тым көбейіп кеткеніне алаңдады (фото)

Назарбаев Түркияда болған терактіге байланысты Ердоғанға көңіл айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1229726-ayel-zatyn-esten-tandyrghan-usqynsy.html