RU

Алматының қақ ортасында көлік өртке оранды (фото, видео)

Алматы қаласындағы көшелердің бірінде автокөлік өртенді. Куәгердің айтуынша, оқиға Абай мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында орын алған. Хюндай Соната автокөлігі жол ортасында жанып кеткен.

Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер мен тәртіп сақшылары жұмыс істеуде деп хабарлайды BAQ.kz.

Видео: motor.kz

Оқиға туралы мәлмет берген Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі әзірге өрттен зардап шеккендер туралы ақпарат берген жоқ.

«Бүгін 14 сағат 09 минутта өрт сөндірушілер тобы Абай мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында өртке оранған автокөлікті сөндіруге аттанды. Белгілі болғанындай, өрт мотордан шығып, салонға өткен. Өрт сөндірілді. Оның аумағы - 4 шаршы метрді құрады», - деді Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Қазіргі кезде өрттің неден шыққандығы анықталып, зардап шеккендер туралы нақты деректер тексеріліп жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Ақтауда алты жасар қызды зорлаған болуы мүмкін ер адамның видеосы жарияланды (видео)

Арыстанбек Мұхамедиұлы Левитке алтын медаль жасау үшін ақша аударғанын айтып мақтанды

ОҚО тұрғыны 250 мың долларды Олимпиада чемпиондарына емес, көпбалалы аналарға беруді ұсынды

Дариға Назарбаева оңтүстікте бала санының тым көбейіп кеткеніне алаңдады (фото)

Назарбаев Түркияда болған терактіге байланысты Ердоғанға көңіл айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1229760-almatynynh-qaq-ortasynda-kolik-ortke-o.html