RU

Есіктегі топ болып зорлауға қатысы бар 4-ші күдіктінің есімі анықталды

Алматы облысының полицейлері Есік ісіне қатысы бар төртінші күдіктінің есімін анықтады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол 1994 жылы туған Нұрбол Е., екені анықталды. Қазіргі уақытта оның қайда екені белгілі, аталмыш ауданда жедел-алдын алу шарасы өткізілуде, деп хабарлады Алматы облысының ІІД.

Бүгінде үш күдікті ұсталды, олар жергілікті тұрғындар: немере ағайынды - 1984 жылы туған Ербол Е., мен 1987 жылы туған Алмаз Е., сондай-ақ 1994 жылы туған Асхат. Б., олар Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер бөлімшесінің уақытша ұстау изоляторында отыр.

Еске салсақ, таяу күндері әлеуметтік желілерде жәбірленген әйелдің анасы - Еңбекшіқазақ ауданы тұрғынының жұртшылыққа үндеуі пайда болды, әйел қызын зорлаған төрт адамды тауып, жазалауын талап етті.

Анықталғандай, аталмыш факті Есік қаласында 13-інен 14-іне қараған түні орын алған. Полицейге жергілікті тұрғынды зорлағаны туралы шағым келіп түсті. Күдіктілер 22-29 жастағы төрт ер адам. Үшеуі ұсталды, олар УҰИ-ге қамалды.

Қылмыстық кодекстің 120 және 125-баптары бойынша қозғалған қылмыстық іс Тергеу басқармасының өндірісінде. Оқиға орнында тергеу жедел тобы жұмыс істеуде.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев үйлену тойында болған терактіге байланысты Ердоғанға көңіл айтты

Арыстанбек Мұхамедиұлы Левитке алтын медаль жасау үшін ақша аударғанын айтып мақтанды

ОҚО тұрғыны 250 мың долларды Олимпиада чемпиондарына емес, көпбалалы аналарға беруді ұсынды

Дариға Назарбаева оңтүстікте бала санының тым көбейіп кеткеніне алаңдады (фото)

Зорланған бойжеткен: Есікте қыздарды жиі зорлайды, бірақ олар мұны айтуға қорқады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1229855-esiktegi-top-bolyp-zorlaugha-qatysy-ba.html