RU

Британияда ер адам әрбір төсек қатынасын алдын ала айтып отыруға міндеттелді

Йорк қаласыныың тұрғыны Джон О’Нил графтық сот шешіміне сәйкес, серігімен төсек қатынасына түсер алдында 24 сағат бұрын ескертуі тиіс деп хабарлайды Stan.kz.

Шағымды қайта қараған сот төрешісі Эдриан Лоуэр оның әрбір төсек қатынасын адам шошырлық әрекетке балап, әрбір жыныстық қатынасы жайлы алдын ала хабарлап отыруын талап етті.

2015 жылы О’Нилді зорлау ісінен қатысты ақтап шыққанымен, оның дәрігер мен психиатр бөлімінің медбикесімен сөйлескен сөзі үшін сот осындай шешім шығарды.

О’Нил дәрігерлермен сөйлескен сөзінде төсек қатынасына түсетін әйелді қылқындырып өлтіргісі келгенін айтқан.

Соттың бұл шешімі осы жылдың қыркүйек айына дейін өз күшінде болмақ.

О’Нилдің өзі сот шешімінің қиынға соғып жатқанын, соның салдарынан жұмыс таппай орманда өмір сүруге мәжбүр болғанын айтуда.

Тағы оқыңыздар:

Ақтау тұрғыны алты жасар қызды зорлаған адамды тауып берген жанға 100 мың теңге бермек

Есіктегі топ болып зорлауға қатысы бар 4-ші күдіктінің есімі анықталды

Мәсімов келетін күні Түркістандағы кәдесый сататын дүңгіршектер көзден ғайып болды (фото)

Зорланған бойжеткен: Есікте қыздарды жиі зорлайды, бірақ олар мұны айтудан қорқады

Ақтөбеде мас күйінде адам қағып өлтірген әкім сотталып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1229884-britaniya-soty-er-adamdy-arbir-zhynysty.html