RU

Арқасына қанжар қадалып қалған жігіт дәрігерді өзі іздеп келді

Арқасына қанжар қадалып қалған жігіт дәрігерді өзі іздеп келді. Колумбияда болған сұмдық оқиға жұрттың жағасын ұстатқан деп хабарлайды КТК арнасы.

Қанжар жігіттің жон арқасынан қадалған екен. Сыртында шошайып тұрған сабының өзі 30 сантиметрге жетеді. Ал өзі аман-сау. Қанжар қадалған күйі емханаға өзі дәрігер іздеп келіпті. Мұны көрген ақ халаттылар да жалма-жан жаралы жігітке ем жасауға кірісті.

Өзінің айтуынша, оны біреулер жабылып ұрған. Олармен алысып, қашып құтылған бойы екен. Тек қарсыластарының суық қаруы жон арқада қалып кетіпті.

Науқасқа ота сәтті жасалған. Қазір жағдайы жақсы.

Тағы оқыңыздар:

Белгілі кәсіпкер әйел Лилия Рах Алматыда тұтқындалды

Елімізде жоқшылықтан дене мүшесін сатуға дайын адамдар көбейіп кетті

Есіктегі топ болып зорлауға қатысы бар 4-ші күдіктінің есімі анықталды

Назарбаев: Кеңес одағын қалпына келтіргісі келетіндердің басы жоқ

Ақтау тұрғыны алты жасар қызды зорлаған адамды тауып берген жанға 100 мың теңге бермек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1230139-arqasyna-qanzhar-qadalyp-qalghan-zhigit.html