RU

Ақтауда алты жасар қызды зорлаған күдікті ұсталды

Ақтауда 6 жасар қызды зорлаған күдікті құрықталды. Бұл туралы tumba.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

ІІД күдіктінің қолға түскенін мәлімдеді. Ер адамды 23 тамыз күні Ақтаудағы құрылыс нысандарының бірінен ұстаған.

"Іздеуде жүрген ер адам қолға түсті. Құқық қорғаушы органдардың қызметкерлері барлық қажетті шараларды қолдануда. Бірқатар сараптамалар тағайындалды", - дейді Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілі Шолпан Юлдашева.

Еске салсақ, қайғылы жайт 20 тамыз күні болған. Алты жасар қыз әжесімен бірге Ақтаудағы "Иваныч" дүкеніне келген. Әжесі қайта-қайта далаға шығамын деп мазалаған немересін әкесіне айтып, алып кетуді өтінген.

Алайда, ұшты-күйлі жоқ болып кеткен алты жасар қыз әкесінің қасынан да табылмады. Өздері біршама іздеп, нәтиже болмаған соң қыздың ата-анасы полицияға хабар береді.

Полицейлер қансырап, есінен танып жатқан қызды жағажайдан табады. Оны дереу балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізген. Күдіктінің фотороботы жасалды.

Айта кетерлігі, Ақтау тұрғыны алты жасар қызды зорлаған адамды тауып берген жанға 100 мың теңге беретіні бұған дейін хабарланған.

Тағы оқыңыздар:

Астана Василий Левитті қалай қарсы алды? (фото, видео)

Белгілі кәсіпкер әйел Лилия Рах Алматыда тұтқындалды

Елімізде жоқшылықтан дене мүшесін сатуға дайын адамдар көбейіп кетті

Данияр Елеусіновтің жары: Күйеуімнің жарақатын көргенде, құлай жаздадым

Назарбаев: Кеңес одағын қалпына келтіргісі келетіндердің басы жоқ

Василий Левит, Данияр Елеусінов және Гүзел Манюроваға джип мінгізді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1230437-aqtauda-alty-zhasar-qyzdy-zorlaghan-kud-2.html