Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауыр дертке шалдыққандар cанын 7 миллион адамға қысқартқан қазақ ғалымы

Опубликовано:

Әлем бойынша ауыр дертке шалдыққандар санын 7 миллион адамға қысқартқан қазақ ғалымы Шарман Алмаз - ғылым саласында ел беделін дүниежүзіне асқақтатқан тұлға. Ұлтымыздың мақтанышы туралы бірер қызықты деректерді NUR.KZ порталы назарларыңызға ұсынады.

Шарман Алмаз Төрегелдіұлы - денсаулық саласына әлемдік деңгейде зор үлес қосып жүрген қазақ ғалымы. Ол АҚШ-та биомедицина және медициналық-демографиялық зерттеулер саласында білікті маман атанған.

Бір ғана қазақтың ғылыми зерттеуі миллиондаған жанның ауыр дертке шалдықпағанын көрсетті

Алмаз Төрегелдіұлының АИТВ (ВИЧ) дертіне қатысты жүргізген зерттеулерін БҰҰ мойындай отырып, тәжірибеге енгізеді. Нәтижесінде бір ғана қазақтың ғылыми жаңалығы миллиондаған жанның ауыр дертке шалдықпағанын көрсеткен. Осылайша, әлем бойынша індеттің ауқымы әлдеқайда төмен екендігі анықталған.

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда АИТВ-жұқпасымен күресу — аса қауіпті аурумен күресудің пәрменді шараларының бірі. Әлем ғалымдары АИТВ-жұқпасына қарсы тиімді дәріні тез арада жасап шығару үшін қолдан келген мүмкіндіктерді жасауда. Бұл салада біршама жетістіктер бар, бірақ ауруға қарсы нақты екпе табылған жоқ.

Осы орайда қазақ ғалымы да бұл індетпен күреске сүбелі үлесін қосты деуге болады.

Ғалым қаназдық дертіне де бірқатар зерттеулер жүргізіп, Джонс Хопкинс университетінде қызмет еткен. Ал Қазақстанда Ұлттық медициналық холдингті басқарып, Назарбаев университеті басшыларының бірі болған.

Белді ғалымның өмір белестері

Алмаз Шарман - Қазақстандағы профилактикалық медицина академисының президенті, сонымен қатар Алматыдағы HealthCity клиника желілерінің басшысы.

Ол 1960 жылы Қарағанды облысы Ұлытау ауылында дәрігерлер отбасында дүниеге келген. Әкесі Төрегелді Шарман - 1971-1982 жылдары Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі болған, ал бүгінде Қазақ тағамтану академиясының президенті.

1982 жылы Алмаз Шарман Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде дәрігер-терапевт мамандығын меңгереді. Кейін Мәскеуде аспирантурада оқып, 1985 жылы кандидаттық диссертациясын қорғайды.

Ал 1991 жыды докторлық диссертациясын сәтті қорғап, ғылым саласына өмірін арнауға бел буады.

АҚШ ғалымдарының қазақты мойындауы

1991 жылы халықаралық журналдарға ғылыми мақалаларын жариялаған Алмаз Шарман бірден АҚШ ғалымдарының көзіне түседі. Әлемнің алпауыт державаларының бірі қазақ ғалымын Алабама университетіне жұмысқа шақырады.

Осылайша көп ұзамай Алмаз АҚШ-та баспана алып, университеттің ғылыми орталығында ғылыми қызметкер атанды.

1994 жылы Алмаз Шарман Мэрилэнд штатында халықаралық медициналық-демографиялық зерттеулер жүргізу жобасына тартылады.  Ол жерде медициналық координатор қызметін атқарған ғалым әлемде тұңғыш болып АИТВ індетінің таралуына зерттеу жүргізудің тың әрі тиімді әдісін енгізеді. Нақтырақ айтқанда, жалпыұлттық қайталап таныстырмалы іріктеме жасау қағидасы арқылы АИТВ індетінің таралуын зерттеу.

Ал балалар мен аналар арасында қаназдық індетінің таралуына қатысты зерттеулері аталмыш дертпен ұлттық күрес жобасының құрылуына негіз болды.

Ғалым Қазақстанның денсаулық саласына үлес қосуды өз парызы деп біледі

Шетелде ғылым саласында зор жетістіктерге жеткен қазақ ғалымы еліміздің ғылымына да өз үлесін қосуды парыз санайды. Ғалым 2001 жылдан бастап Қазақстандағы, жалпы Орталық Азия елдеріндегі АИТВ, туберкулез және өзге де ауыр індеттердің таралуымен күресуіне бағытталған бағдарламар енгізуді қолға алады.

Нәтижесінде, оның бастамасымен АИТВ індеті, туберкулез және безгек сырқатымен күресу үшін Жаһандық қордан Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдеріне 67,5 миллион долларға грант бөлінеді.

2007 жылы Алмаз Medtronic трансұлттық компаниясының қазақстандық өкілдігін құрады. Оның бастамасымен Қазақстанның ауылды аймақтарында телемедицинаны дамыту жобасы қолға алынды. Бүгінде телемедицина Қазақстанның 150 ауылды аймағына жеткен.

2008 жылы ол Астанада Ұлттық медициналық холдингтің негізін қалайды. Бүгінде аталмыш холдинг өзіне кардиохирургия, нейрохирургия, гинекология, педиатрия, ядролық медицина және өзге де салаларға бағытталған 1500 жатын орны бар алты ғылыми орталықты біріктірген.

Қазақстан халқын салауатты өмір салтына баулу мақсатында Алмаз zdrav.kz, www.symptomaster.com, www.medmir.org сайттарын ашты. Бұл сайттар да халықтың денсаулық жағдайын көтеру үшін жұмыс атқаруда.

Қайырымдылыққа жаны жақын екі баланың әкесі

Екі ұлдың әкесі атанып отырған Алмаз Шарман - қайырымдылыққа жаны жақын адам. Ол «Асыл Мирас» (www.asylmiras.org) қайырымдылық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы. Аталмыш қор аутизммен сырқаттанған балаларға балаларға көмек үшін құрылған.

Бұдан бөлек Алмаз - Spoon Foundation (www.spoonfoundation.org) халықаралық қоры ғылыми кеңесінің мүшесі. Аталмыш қор тағамның жеткіліксіздігінен зардап шеккен балаларға көмек көрсетеді.

Материал "Википедия" ашық энциклопедиясы деректерінің негізінде әзірленді.

Nur.kz порталында "Ел ақшасын арқалап, шетел асқан "қайраткерлер" тақырыбында материал жарияланған болатын. Аталмыш материалдағы коллажда Алмаз Шарманның фотосы қателікпен жарияланғаны үшін редакция кешірім сұрайды.

Тағы оқыңыздар:

Астана Василий Левитті қалай қарсы алды? (фото, видео)

Белгілі кәсіпкер әйел Лилия Рах Алматыда тұтқындалды

Елімізде жоқшылықтан дене мүшесін сатуға дайын адамдар көбейіп кетті

Данияр Елеусіновтің жары: Күйеуімнің жарақатын көргенде, құлай жаздадым

Назарбаев: Кеңес одағын қалпына келтіргісі келетіндердің басы жоқ

Василий Левит, Данияр Елеусінов және Гүзел Манюроваға джип мінгізді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1230499-auyr-dertke-shaldyqqandar-canyn-7-millio/

pixel