RU

Балықшы құны $100 миллион болатын гауһарды 10 жыл бойы жастық астында сақтап келген

Филиппиндік Палаван аралының тұрғыны әлемдегі ең ірі гауһар атағына үмітті асыл тасты осыдан он жыл бұрын тауып алыпты. Алайда, оның бағалы екенін білмеген, тек сұлулығына қызыққан көрінеді деп хабарлайды Skifnews.kz порталы.

Ал, мамандардың айтуынша, аталған гауһар тастың құны 100 миллион доллардан кем болмайды деп жазады шетелдік басылымға сілтеме жасап Skifnews.kz порталы.

Басылымның хабарлауынша, Пуэрто-Принсес қаласының тұрғыны асыл тасты 2006 жылы дауыл болған кезде тауып алыпты. Содан бері ол қазынаны ешкімге көрсетпеген, тек жастығының астына тығып, өзінің тұмары ретінде санап келген екен.

Жуырда балықшының үйі өртеніп, ол гауһарды амалсыз сатпақ болған. Сөйтіп, "қара базарға" емес, асыл тасты қалалық туризм басқармасына алып келіпті.

«Біз өз көзімізге өзіміз сенбедік. Енді геммологтардың көмегі керек, сертификаттау үшін. Қазір геммологиялық институттан асыл тастың расымен де гауһар екенін дәлелдейтін анықтамасын күтіп отырмыз», — дейді жергілікті шенеуніктер.

Балықшының осынау қазынасы әлемдегі ең ірі гауһар тастан 5 есе ірі және ауыр. Ал, ең ірі гауһар тас "Алланың гауһары" деген атпен танымал. Ол да дәл осы Филиппиндегі аралдардың бірінен табылған болатын.

Қазіргі таңда ел билігі алып гауһар тасты Пуэрто-Принсес қаласында қалдыруды жоспарлап отыр. Ол аралға турист тартады деп есептейді шенеуніктер. Ал, асыл тасты тауып алған балықшыға материалдық көмек берілетіні белгісіз күйде қалып отыр.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО әкімінің орынбасары моңғол спортшысының есімін әрең оқып берді

Ақтөбеде тұрмысқа шыққанына бір ай болған жас келін ұшты-күйлі жоғалып кетті (фото)

Жазира Жаппарқұлға бейтаныс жанкүйері ақ боз ат мінгізді (фото, видео)

Ақтөбеде тұрмысқа шыққанына бір ай болған жас келін ұшты-күйлі жоғалып кетті (фото)

Отандық жұлдыздардың хан сарайындай зәулім үйлері

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1230507-balyqshy-quny-100-million-bolatyn-gauhar.html