RU

Шымкент әкімі психолог тек оқушыларға ғана емес, мұғалімдерге де қажет деп есептейді

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов тек оқушыларға емес, мектеп мұғалімдеріне де психологтар . Бұл туралы ойын қала басшысы тамыз кеңесінде жайып салды, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілші.

«Кездескенімізге әне-міне дегенше бір жыл өтіп қалды. Жүздесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Барлықтарыңызды келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтаймын» деп сөзін бастаған Шымкент басшысы өз баяндамасында біраз мәселелердің шетін шығарды. Тіпті оларды шешу жолдарын да атап өтті.

Әбдірахымов бірінші кезекте биыл білім саласына бөлінген қаражаттың өткен жылмен салыстырғанда 22,2 пайызға артқанын атап өтті.

«Әлемде болып жатқан дағдарысқа қарамай, елбасы білім саласына ақшаны аямай беріп жатыр» деген Шымкент әкімі білім сапасын арттыру үшін мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері конкурс арқылы тағайындалып жатқанын тілге тиек етті. Айтуынша, былтыр өзі төрағалық ететін комиссия бес мектеп директоры мен үш балабақша меңгерушісін басшылық қызметке лайық деп тапқан.

Психологтар туралы сөз қозғаған Әбдірахымов мектеп мұғалімдері де психологиялық қызметке мұқтаж деп санайтынын айтты.

«Қазіргі заманда мектептерде психологиялық қызмет жұмысын жандандыру керек деп ойлаймын. Психологтар керек болады бізге. Олар өте аз. Бірақ мен бұл жөнінде арнайы орталықтар ашайық, сонда психологтарды жинайық деп тапсырма бергенмін. Мұғалімдердің жұмысы оңай емес. Психолог тек оқушыларға ғана емес, мұғалімдерге де керек», - деген әкім өз сөзінде биліктегілер де психологиялық қызметке мұқтаж екенін жасырып қалмады.

Тағы оқыңыздар:

Ақтауда алты жасар қызды зорлаған күдікті ұсталды

ОҚО әкімінің орынбасары моңғол спортшысының есімін әрең оқып берді

Жазира Жаппарқұлға бейтаныс жанкүйері ақ боз ат мінгізді (фото, видео)

Ақтөбеде тұрмысқа шыққанына бір ай болған жас келін ұшты-күйлі жоғалып кетті (фото)

Отандық жұлдыздардың хан сарайындай зәулім үйлері

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1230587-shymkent-akimi-psikholog-tek-oqushylargh.html