RU

Италиядағы жойқын жер сілкінісінен бір қала түгел қирап қалды

Италияның Аматриче қаласы жойқын жер сілкінісі салдарынан қирап қалды деп хабарлайды Рейтер агенттігі қала мэрі Серджио Пироцциге сілтеме жасап.

Қирандылар астында қала тұрғындары қалып қойған деп хабарлайды Skifnews.kz басылымы.

EMSC еуропалық сейсмология орталығының мамандарының мәліметінше, Италияның орталығында болған жерасты дүмпулерінің магнитудасы 6,1 балды құраған. Ал, АҚШ-тың Геологиялық қызметі жер сілкінісінің қуаты 6,2 балл болғанын айтады.

Дүмпулер Италияның бірнеше қаласында сезілген. Тіпті, Рим тұрғындары да жердің шайқалғанын сезгенін жазып жатыр. Аккумоли қаласының мэрі 4 адамның қайтыс болғанын айтуда. Алайда, ел билігі ресми түрде тек 2 адам табиғи апаттың құрбаны болды деген ақпаратты таратып отыр.

"Аматриче қаласына барар жол бекітіліп қалған. Қаланың жартысы жоқ, жермек-жексен болды. Адамдар үйінділер астында қалып қойды. Лай көшкіні жүрді, көпір қирап қалды деген болжам бар", - деді Пироцци RAI телеарнасына берген сұхбатында.

Тағы оқыңыздар:

Ақтауда алты жасар қызды зорлаған күдікті ұсталды

ОҚО әкімінің орынбасары моңғол спортшысының есімін әрең оқып берді

Жазира Жаппарқұлға бейтаныс жанкүйері ақ боз ат мінгізді (фото, видео)

Ақтөбеде тұрмысқа шыққанына бір ай болған жас келін ұшты-күйлі жоғалып кетті (фото)

Отандық жұлдыздардың хан сарайындай зәулім үйлері

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1230618-italiyadaghy-zhoyqyn-zher-silkinisinen-b.html