RU

Кішкентай күшікті әрі-бері тепкілеген қыздар Қазнеттің ашуын келтірді

Желіде кішкентай күшікті қорлаған үш бойжеткеннің видеосы пайда болды, деп хабарлайды NUR.KZ.

Видео Instagram-дағы revuenews парақшасында жария етілді.

Ескерту! Видеоны жүйкесі жұқа адамдарға көруге кеңес бермейміз!

Әлеуметтік желілердің бірінде үш қыздың кішкентай күшікті қорлаған видеосы пайда болды.

Видеодан үш белгісіз бойжеткен күшікті орталарына алып, оны әрі-бері тепкілеп, қорлағаны анық байқалады. Аяқтарымен теуіп қана қоймай, олардың бірі күшікті лақтырғаны да кадрға түсіп қалған.

Күшік қанша қыңсыласа да оны босатуды ойламаған қыздардың бұл әрекеттері желі қолданушылардың ашуын туғызуда. Сонымен қатар ғаламтор қолданушылары олардың тұлғасын анықтап, жазалау қажеттігін айтуда.

Тағы оқыңыздар:

Ақтауда алты жасар қызды зорлаған күдікті ұсталды

ОҚО әкімінің орынбасары моңғол спортшысының есімін әрең оқып берді

Жазира Жаппарқұлға бейтаныс жанкүйері ақ боз ат мінгізді (фото, видео)

Ақтөбеде тұрмысқа шыққанына бір ай болған жас келін ұшты-күйлі жоғалып кетті (фото)

Отандық жұлдыздардың хан сарайындай зәулім үйлері

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1230630-kishkentay-kushikti-ari-beri-tepkilege.html