RU

Ауыр атлет Майя Манеза тағы да допингпен ұсталды

Қазақстандық ауыр атлетші Майя Манеза допингпен қайта ұсталды, деп хабарлайды халықаралық ауыр атлетика федарациясының сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Фото: Vesti.kz

2008 жылғы Олимпиада кезінде допинг-сынамалары алынған спортшылардың тізімі жария болды. Бұл тізімде 2012 жылы Лондонда алтын медаль ұтып алған қазақстандық Майя Манеза да бар болып шыққан. Оның нәтижелерінде қолдануға тыйым салынған станозолол препараты анықталғанын жазылған.

Бір қуанарлығы, олимпиада чемпионы 2008 жылы Қытайдың Бейжің қаласында өткен Олимпиада ойындарына жарақат алып қалғандықтан қатыспаған. Қолдануға тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін спортшы 8 жылға дейін спорттан аластатылуы мүмкін.

2012 жылы өткен Олимпиада ойындарынан кейінгі допинг нәтижелері де дұрыс болмай шыққан. Станозолол Мария Грабовецкая, Ирина Некрасова, Владимир Седов секілді қазақстандық ауыр атлеттердің қанына допинг табылған.

Еске салсақ, бұған дейін Манезадан бөлек Илья Ильин, Зульфия Чиншанло және Светлана Подобедова секілді Олимпиада чемпиондары спорттан аластатылған еді.

Тағы оқыңыздар:

Ақтауда алты жасар қызды зорлаған күдікті ұсталды

ОҚО әкімінің орынбасары моңғол спортшысының есімін әрең оқып берді

Жазира Жаппарқұлға бейтаныс жанкүйері ақ боз ат мінгізді (фото, видео)

Ақтөбеде тұрмысқа шыққанына бір ай болған жас келін ұшты-күйлі жоғалып кетті (фото)

Отандық жұлдыздардың хан сарайындай зәулім үйлері

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1230641-auyr-atlet-mayya-maneza-taghy-da-dopingt.html