RU

Әбдірахымов шымкенттік мұғалімдердің абыройын қалай көтеремін деп бас қатыруда

Германияда білім алған Әбдірахымов мектеп мұғалімдерін Финляндияда оқытпақшы деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Шымкенттік мұғалімдер енді білімдерін жетілдіру үшін анау-мынау емес, Финляндия еліне баратын болды. Бұл туралы дәстүрлі тамыз конференциясында қала әкімі Әбдірахымов мәлімдеді.

Дәстүрлі басқосуда сөз сөйлеген шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов жергілікті мұғалімдерді біліктілігін арттыру үшін шетелдерге жібермек.

«Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру және де ұстаздарымыздың беделін арттыру бағытында қаламыздың педагог мамандарының біліктілігін арттыру мәселесі көтерілген болатын. Мен сол кезде әсіресе жас мұғалімдерді «Болашақ» бағдарламасымен шетелге барып оқып келу керек деп шақырған болатынмын. Бұл бағытта біраз университеттермен келісімшартқа келіп жатырмыз. Финляндиядан бізге өкілдер келіп, мектеп директорларын 2, мұғалімдерді 3-9 ай аралығында оқыту мақсатында ірктеу жұмысын бастадық. 2017 жылдан бастап Финляндия мемлекетіне сол кісілерді жіберетін боламыз», - деді Шымкент әкімі.

Бұдан өзге конференцияда жаңа оқу жылынан бастап шымкенттік білім ұяларда электронды бақылау жүйесі қолданылатыны белгілі болды. Яғни, баға мен оқушының сабаққа қатысу-қатыспауы туралы мәлімет сол электронды бағдарламаға еніп отырады. Оны ата-ана кез келген уақытта бақылай алады.

«Білім беру саласының сапасын арттыру мақсатында электронды бақылау ақпаратын енгізу жұмыстары басталды... Біздің мұғалімдер әрбір сабаққа келген балаларды, олардың бағаларын бұрынғы әдіспен қағазға емес, электронды журналмен белгілейтін болады. Бала сабаққа бармай қалған жағдайда сол минутта олардың ата-аналарының телефонына SMS түседі» деген Әбдірахымов мұндай жүйе мектеп оқушылары үшін ұнамауы мүмкін екенін ашып айтты.

Себебі кей оқушылар үйінен мектепке кеттім деп шығып, бірінші пәнге қатысып, кейінгі пәндердің уақытында көше кезіп жүретіндерге бақылау күшейетін болды.

Тағы да оқыңыздар:

Жазира Жаппарқұлға бейтаныс жанкүйері ақ боз ат мінгізді (фото, видео)

Ауыр атлет Майя Манеза тағы да допингтпен ұсталды

Василий Левит, Данияр Елеусінов және Гүзел Манюроваға джип мінгізді (фото)

Ақтауда алты жасар қызды зорлаған күдікті ұсталды

ОҚО әкімінің орынбасары моңғол спортшысының есімін әрең оқып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1230713-shymkent-akimi-qaladaghy-mektep-mughali.html