RU

Instagram-нан ұлы туралы оқитын Сәкен Майғазиевтің қарт анасы жұртты сүйсінтті (видео)

Әнші Сәкен Майғазиевтің 79 жастағы қарт анасы Сәкеннің Instagram желісіндегі парақшасындағы қолданушыларын таң тамаша қалдырды, деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші Сәкен Майғазиев анасымен және басқа да туыстарымен дастархан басында әңгіме-дүкен құрып отырған видеоны ел назарына ұсынды. Видео астына әнші:

«Әлтөре әкеміз бен Амангүл анамызға амандасуға келгенбіз. Инстаграмды ойлап тапқан адам ОҚО-ның Созақ ауылындағы 79 жастағы Ұлтай Мырзамбекқызының инстаграмды әңгіме қылып отыратынын білмеді-ау, ә?», - деп жазды.

Жазбада әншінің анасы ұлының ауылған келе жатқаны туралы Instagram желісінен білгенін айтқан. Мұны естіген дастархандас әжей мұның не нәрсе екенін сұрағанда, қарт ана елдер суретке түсіріп алып, сонда салып жататын жер екенін айтып салған.

«Бала-шағамды алып шаңырағыма, анама бара жатырмын деп Instagram-ға салыпты», - деді әжей. Әжейдің сөзін қызық көрген Сәкен күлкіге қарқ болды. Ал желі қолданушылары әншінің анасына ұзақ ғұмыр тіледі.

Естеріңізге салсақ, бұдан бірнеше күн бұрын әнші Сәкен Майғазиев бала-шағасын алып туған ауылы Созаққа аттанған болатын. Мұны көрген жұрт оның басқа әншілердей шетелге немесе демалыс орнына емес, туған жеріне бара жатқанына риза болысты.

Тағы да оқыңыздар:

Жазира Жаппарқұлға бейтаныс жанкүйері ақ боз ат мінгізді (фото, видео)

Ауыр атлет Майя Манеза тағы да допингтпен ұсталды

Василий Левит, Данияр Елеусінов және Гүзел Манюроваға джип мінгізді (фото)

Ақтауда алты жасар қызды зорлаған күдікті ұсталды

ОҚО әкімінің орынбасары моңғол спортшысының есімін әрең оқып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1230793-instagram-nan-uly-turaly-oqityn-saken-mayghazi.html