RU

Алматыда жойқын жер сілкінісі болса, қаланың жартысынан көбі қирап қалады

Алматыда күшті жер сілкінісі (9 балл және одан да жоғары) бола қалған жағдайда тұрғын үйлердің 60 пайызы, ал әкімшілік ғимараттардың 50-60 пайызы қирайды.

Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ТЖД бастығы, өртке қарсы қызмет генерал-майоры Серік Әубәкіров мәлімдеді деп хабарлайды Қазақпарат.

«Болжам бойынша, Алматыда қуаты 9 және одан да жоғары баллдық жер сілкінісі бола қалған жағдайда тұрғын үйлердің 60 пайызы қатты қирайды және толығымен қирайды.

Сондай-ақ, өнеркәсіптік, әкімшілік, әлеуметтік-тұрмыстық ғимараттар және басқа да нысандардың 50-60 пайызы қатты қирайды және толығымен қирайды. Тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі толығымен дерлік істен шығады, - деді Алматы қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы барысында Серік Әубәкіров.

Сонымен қатар, ол қазіргі таңда Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, дайындық шараларын жүргізіп жатқандығын айтты.

«Сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында әлем елдерінің тәжірибелері зерттеліп жатыр. Мысалы, солардың ішінде Жапонияның тәжірибесін баса айтуға болады», - деді  Әубәкіров.

Бұдан басқа, ол Алматының - тұрғындары тығыз орналасқан, өнеркәсіптік нысандары көп қала екендігін және сейсмикалық толқындар, сел және өрт қауіптілігіне бейім екендігін атап өтті.

Оның айтуынша, 2009-2015 жылдары білім және денсаулық сақтау нысандарын сейсмикалық тұғыда нығайту бағдарламасы аясында республикалық және жергілікті бюджет есебінен 79 нысанда нығайту жұмыстары жүргізілді. Олардың ішінде 60 нысан - білім беру, ал 19 нысан - денсаулық сақтау саласына тиесілі.

2016 жылы жалпы сомасы 4,7 млрд. теңгеге 8 - білім беру нысаны мен 2 - денсаулық сақтау нысанын сейсмикалық тұрғыда нығайту жоспарланған.

Тағы да оқыңыздар:

Арыстанбек Мұхамедиұлы киім таңдауда Италия және Франция министрлеріне еліктейтінін айтты

Жазира Жаппарқұлға бейтаныс жанкүйері ақ боз ат мінгізді (фото, видео)

Ауыр атлет Майя Манеза тағы да допингтпен ұсталды

Василий Левит, Данияр Елеусінов және Гүзел Манюроваға джип мінгізді (фото)

Ақтауда алты жасар қызды зорлаған күдікті ұсталды

ОҚО әкімінің орынбасары моңғол спортшысының есімін әрең оқып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1230877-tzhd-basshysy-almatyda-zhoyqyn-zher-silki.html