RU

Алматыдан ауылға көшіп кеткен келіншек ешкі бағып, күн көріп жүр (фото)

Ақтөбе облысы Алға ауданының Бестамақ селолық округіне қарасты Есет батыр ауылына Алматыдан отбасымен көшіп келген Зарина Галиева ешкі өсіру кәсібін қолға алған.

Бұл туралы Aktobenews.kz хабарлайды.

"Ақпан айында Алматыдан осы ауылға көшіп келдім. Бос отыруға болмайды. Отбасы жағдайымен келдім. Бір кәсіп ашып, ас-суымызды тауып ішуіміз керек. Қолымда бар аз ғана қаражатыма 15 ешкі сатып алдым. Нубиялық тұқымды ешкілер сүтті көп беретінін бұрын да естігенмін. Сондықтан, осы тұқымнан көбірек алдым. Қазір сүтін сатып отырмын", - дейді Зарина.

Зарина ешкінің сүтінен ірімшік, құрт, май жасап та сатып жүр. Күн сайын облыс орталығына жеткізіп отырады. Тұрақты тұтынушыларының сеніміне кірген. Ешкі сүтінің сан түрлі ауруға ем екенін білетін ол бұл кәсіпті бұдан ары дамытуды, кеңейтуді армандайды.

Қазір «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы арқылы несие алу үшін талаптанып, Алға аудандық жұмыспен қамту орталығына құжаттарын тапсырып қойған.

Тағы да оқыңыздар:

Жазира Жаппарқұлға бейтаныс жанкүйері ақ боз ат мінгізді (фото, видео)

Ауыр атлет Майя Манеза тағы да допингтпен ұсталды

Василий Левит, Данияр Елеусінов және Гүзел Манюроваға джип мінгізді (фото)

Ақтауда алты жасар қызды зорлаған күдікті ұсталды

ОҚО әкімінің орынбасары моңғол спортшысының есімін әрең оқып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1230926-almatydan-auylgha-koship-ketken-kelinsh.html