RU

Супермаркетте сатылған салаттың ішінен құрбақа шықты

Ресейдің Хабаровск қаласының тұрғыны қалалық дүкендердің бірінен сатып алған кимчи салатынан бақа шықты. Супермаркет басшылығы оны сараптамаға жіберіп, анық-қанығын ашуға  уәде берді, деп хабарлады AmurMedia-ға сілтеме жасаған Stan.kz.

“Кимчи сараптамаға жіберілді. Бұдан басқа, тауарды жеткізуші де тексеріледі. Мән-жайды анықтағанша, өнімді сату тоқтатылды», – деп түсіндірді басылымға “Самбери” дүкенінің маркетинг департаментінің директоры Анастасия Артюшкина.

Салаттан бақа табылғаны жайлы оқиға «ВКонтакте» желісінде жариялағаннан кейін белгілі болды.

«Парижский депода «Самбери» дүкенінен кимчи сатып алып жедік, ішінен бақа шықты. Бұдан кейін қалай өмір сүруге болады, сатылымға шығарған өнімнің сапасын ешкім тексермегені ме?»- делінген хабарламада.

Сондай-ақ онда бақаның жағымсыз фотосы да салынған.

Тағы да оқыңыздар:

Ұятты жерін көрсетіп суретке түскен ағылшындық футболшы күлкіге қалды (фото)

Алматыдан ауылға көшіп кеткен келіншек ешкі бағып, күн көріп жүр (фото)

Арыстанбек Мұхамедиұлы киім таңдауда Италия және Франция министрлеріне еліктейтінін айтты

Жазира Жаппарқұлға бейтаныс жанкүйері ақ боз ат мінгізді (фото, видео)

Ауыр атлет Майя Манеза тағы да допингтпен ұсталды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1230980-supermarkette-satylghan-salattynh-ishi.html