RU

Лилия Рахтың беделді де ауқатты достары

Сән индустриясы саласындағы белгілі кәсіпкер Лилия Рах Алматыда тұтқындалғаны туралы ақпарат көпшілікті дүр сілкіндірді. Бұл жайтқа есеңгірегендер арасында Лилия Рахтың беделді де ауқатты достары бар.

NUR.KZ порталы Лилиямен Рахпен достық қарым-қатынаста болған және онымен жиі кештерде бас қосатын белді адамдарды назарларыңызға ұсынады.

Виктория Момынбаева 

Ауқаттылар ортасында зор беделге ие алты баланың анасы Виктория Момынбаева Лилиямен Рахпен достық қарым-қатынаста екенін жасырмайтындардың қатарында. "Қазақстан-ханымы 2011" әрі кәсіпкер әйел Виктория Лилияны барлық достары қолдайтынын сөз етті деп жазады Today.kz.

"Ол Қазақстан үшін көп еңбек сіңірді. Лилия өте сұлу әрі танымал адам. Оны бүкіл Париж таниды. Әзірге оны сөгуге еш құқымыз жоқ. Ол - менің досым... Ол беделді адам болғандықтан, Мәскеудегі достары да қолдау білдіріп отыр", - деп мәлімдеді Виктория Момынбаева.

Алексей Чжен

Танымал қазақстандық стилист әрі дизайнер Алексей Чжен де Лилияға қолдау білдірді.

"Білмей жатып, тұжырым жасамауларыңызды сұраймын. Елдің дамуына сүбелі үлес қосқан Лилияға мұндай әділетсіздік жасауға болмайды. Оның нағыз дос, адал жар және мейірімді ана екенін естен шығармаңыздар. Сендердің түсіністік танытып, сабырға келулеріңнен үміттімін...", - дейді Алексей.

София Чкония

Mercedes-Benz Fashion Week Tbilisi мен Be Next жас дизайнерлер байқауының негізін қалаушы әрі креативті директоры София Чкония да Instagram парақшасына Рахпен бірге түскен фотосын жүктеп, "Лилия Рахқа еркіндік" деген жазба қалдырған.

Меруерт Ибрагим

Қазақстандағы Buro24/7 сән порталының негізін салушы Меруерт Ибрагим Лилия Рахпен жиындарда жиі бас қосып тұрады. Меруерт Ибрагим - вице-премьер министр Бақытжан Сағынтаевтың қызы.

Сонымен бірге, ол Qazaq banki банкінің ірі акционері Бақыт Ибрагимнің жұбайы. Меруерт Ибрагим Ресей шенеунігінің қызы Мирослава Думаның құрбыларының бірі.

Мадина Сүлейменова

Лилия Рахпен сән индустриясындағы түрлі іс-шараларда бірге болатындар қатарында Мәдина Сүлейменова да бар. Ол белгілі ақын Олжас Сүлейменовтің қызы екенін біреу білсе, біреу білмесі анық.

Жабық түрде өтетін көптеген бай-бақуатты адамдардың жиынынан Мәдина да, 54 жастағы Лилия да қалмайды.

Дарья және Олеся Клебановалар

2015 жылы Қазақстандағы ең бай адамдар тізіміне енген «ЦАТЭК» АҚ  акционерлік капиталының 31%-ы тиесілі Александр Клебановтың жұбайы Дарья Клебанова мен келіні Олеся Клебанованың да Лилия Рахпен бірге түскен фотоларын көруге болады. Олеся Клебанова, Le Grand компаниялар тобының басшысы және Bentley Continental GT компаниясының қожайыны.

Жәмилә Әбілова

Mercedes Benz Fashion Week Almaty негізін салушылардың бірі Жәмилә да Лилия Рах барған элиталы жерлерден қалмайды. Яғни, екеуі де мұндай басқосулардың тұрақты қонақтары. Ол белгілі саясаткер Болат Әбіловтың қызы және әнші Рахат Тұрлыхановатың жұбайы.

Айгүл Мүкей

Лилия Рах пен Айгүл Мүкей. Екеуінің арасында қандай байланыс бар? Екеуі де елдегі элиталы ортаның «қаймақтарынан» саналады.

Олар Әлия Назарбаева, Клебановтар отбасы секілді ауқаттылар бас қосатын ортада жиі болады. Көптеген басшылық қызметтерде жұмыс жасаған белгілі тележүргізуші бүгінде танымал басылымдардың бірін шығарумен айналысуда.

Тағы оқыңыздар:

Ақтау тұрғыны алты жасар қызды зорлаған адамды тауып берген жанға 100 мың теңге бермек

Есіктегі топ болып зорлауға қатысы бар 4-ші күдіктінің есімі анықталды

Мәсімов келетін күні Түркістандағы кәдесый сататын дүңгіршектер көзден ғайып болды (фото)

Зорланған бойжеткен: Есікте қыздарды жиі зорлайды, бірақ олар мұны айтудан қорқады

Ақтөбеде мас күйінде адам қағып өлтірген әкім сотталып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1231006-liliya-rakhtynh-bedeldi-de-auqatty-dosta.html