RU

10 жыл бойы сексуалды құлдықта болған қыз өзін зорлаған адамның үйінде тұрып жатыр

Австрияның Вена қаласында сексуалды құлдыққа түскен Наташа Кампуш бүгінде өзін 10 жыл бойы зорлаған адамның үйінде тұрып жатыр.

Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Наташа осыдан тура 10 жыл бұрын құлдықтан қашып шыққан. Вольфганг Прикропил есімді маньяк Наташаны 8 жасында ұрлап, оны 10 жыл бойы зорлап, ұрып-соғып келген.

Кампуштың құлдықтан қашып шығуына маньяктың салғырттығы себеп болыпты. Қыз бала көрші үйдің терезесіне барып, ар жағындағы әйелден көмек сұраған.

Бір қызығы, өзін құтқарған әйелді Наташа сол күннен кейін көрген емес. Ал маньяк болса, Наташа Кампуш құлдықтан құтқарылған күні полицейлерден қашып, пойыз астына түсіп қаза болған.

Құлдықтағы 10 жыл өмірі туралы кітап жазып, көлемді гонорар алған Наташа жақында өзін зорлап келген ер адамның үйін сатып алды. Ол демалыс күндерін сол үйде өткізеді.

Тағы да оқыңыздар:

Ұятты жерін көрсетіп суретке түскен ағылшындық футболшы күлкіге қалды (фото)

Жақыпов пен Әлімханұлы жеңілсе де 10 мың доллар алатын болды (фото)

Алматыдан ауылға көшіп кеткен келіншек ешкі бағып, күн көріп жүр (фото)

Арыстанбек Мұхамедиұлы киім таңдауда Италия және Франция министрлеріне еліктейтінін айтты

Жазира Жаппарқұлға бейтаныс жанкүйері ақ боз ат мінгізді (фото, видео)

Супермаркетте сатылған салаттың ішінен құрбақа шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1231141-10-zhyl-boyy-seksualdy-quldyqta-bolghan-qy.html