RU

Ақтауда жол апатына ұшыраған 14 жастағы дзюдошы тілге келместен көз жұмды

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жол-көлік оқиғасына түскен 14 жастағы жас спортшы тіл тартпастан көз жұмды.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Жасөспірімде ашық бассүйек жарақаты мен мидың қабынуы тіркелген болатын. Оған қатысты болжамдарды дәрігерлер бермей келген болатын. Себебі оған ота жасауға болмайды.

«Спортшы таңертең көз жұмғаны рас. Біз оның өміріне қатты алаңдадық, өзге дәрігерлер шақыртылды, олар жергілікті мамандармен бірге оның өміріне араша түсуге тырысты. Біз жасөспірімнің отбасысына көңіл айтамыз», - деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева.

Еске сала кетейік, 19 тамызда шамамен 11:30-да Ақтау-Жетібай-Жаңаөзен тасжолында Lada Largus пен Toyota Fortuner көліктері соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы кезінде бірнеше адам зардап шекті. 4 бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Үшеуі жансақтау бөліміне түссе, бір бала жеңіл жарақат алды.

Тағы да оқыңыздар:

Ұятты жерін көрсетіп суретке түскен ағылшындық футболшы күлкіге қалды (фото)

Жақыпов пен Әлімханұлы жеңілсе де 10 мың доллар алатын болды (фото)

Алматыдан ауылға көшіп кеткен келіншек ешкі бағып, күн көріп жүр (фото)

Арыстанбек Мұхамедиұлы киім таңдауда Италия және Франция министрлеріне еліктейтінін айтты

Жазира Жаппарқұлға бейтаныс жанкүйері ақ боз ат мінгізді (фото, видео)

Супермаркетте сатылған салаттың ішінен құрбақа шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1231154-aqtauda-zhol-apatyna-ushyraghan-14-zhastaghy.html