RU

Мәскеу әуежайында Жириновскийдің КСРО-ны қайтару туралы бейнеролигі көрсетілуде

Мәскеудің Шереметьево әуежайының әр бұрышында ашықтан-ашық Жириновский партиясының қазақ мемлекетінің һәм ТМД елдерінің біртұтастығына қауіп төндіретін жарнамалық ролигі ойнап тұр.

Бұл туралы Abai.kz сайтының оқырманы хабарлады.

ЛДПР партиясының жарнамалық ролигінің соңы "Ресей бұрынғы КСРО шекарасын қайтарып алуы керек" деген сөзбен түйінделеді.

"Жириновский КСРО-дан тәуелсіздігін алып, жеке мемлекетке айналған елдердің мемлекеттілігін жоққа шығару арқылы неге қол жеткізбек? Әрине, Жириновскийдің бұл ролигін сандыраққа балап, жылы жауып қоя салуға болар еді. Бірақ, осы видеоны Шереметьево әуежайы жарнамалап, өткен-кеткен жолаушының санасына улы идеяны сіңіріп жатыр. Бұған біздің һәм ТМД елдерінің Сыртқы істер министрі үн қату керек деп ойлаймыз", - деп жазады Abai.kz порталы.

Еске сала кетейік, Жириновский Алматыдағы көшелердің бірін өз атымен атауды да ұсынған болатын.

Тағы да оқыңыздар:

Ұятты жерін көрсетіп суретке түскен ағылшындық футболшы күлкіге қалды (фото)

Жақыпов пен Әлімханұлы жеңілсе де 10 мың доллар алатын болды (фото)

Алматыдан ауылға көшіп кеткен келіншек ешкі бағып, күн көріп жүр (фото)

Арыстанбек Мұхамедиұлы киім таңдауда Италия және Франция министрлеріне еліктейтінін айтты

Жазира Жаппарқұлға бейтаныс жанкүйері ақ боз ат мінгізді (фото, видео)

Супермаркетте сатылған салаттың ішінен құрбақа шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1231194-maskeu-auezhayynda-zhirinovskiydinh-ks.html