RU

Әкімдер Олимпиада жүлдегерлеріне жарысып көлік сыйлап жатыр (фото)

Рио Олимпиадасынан жүлделі оралған спортшыларды жерлестері барынша құрметпен қарсы алуда. Беймезгіл уақытқа қарамастан, спортшыларды әуежайдан күтіп алушылар да көп.

Кеше Астана қаласының әкімі Әсет Исекешов Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов пен күміс жүлдегерлер Гүзел Манюрова және Василий Левитке «Toyota Land Cruiser» көлігін сыйға тартты. Тіпті, Олимпиада жүлдегерлері үйлеріне сол көлікті мініп кеткенін хабарлаған едік.

Енді астаналық әріптесінен БҚО әкімі Алтай Көлгінов те қалып қоймауды ұйғарды. Ол оралдық балуан, Рио Олимпиадасында қола жүлде иеленген Екатерина Ларионоваға «Кia sportage» кроссоверін сыйға тартпақшы. Басшылық көліктің түсін де спортшының өзіне таңдатып, Катяның айтуымен ақ түсті "Киа" мінгізбек.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов болса, Иван Дычкоға үш бөлмелі пәтер сыйға тартты. Енді Олимпиаданың қола жүлдегері отбасымен жаңа пәтерге көшіп бармақ.

Тағы да оқыңыздар:

Мәскеу әуежайында Жириновскийдің КСРО-ны қайтару туралы бейнеролигі көрсетілуде

Ұятты жерін көрсетіп суретке түскен ағылшындық футболшы күлкіге қалды (фото)

Жақыпов пен Әлімханұлы жеңілсе де 10 мың доллар алатын болды (фото)

Алматыдан ауылға көшіп кеткен келіншек ешкі бағып, күн көріп жүр (фото)

Динара Сұлтан қазақы нақыштағы көйлегімен әлемдік журналға шығуды армандауда (фото)

Ызаланған ақтөбеліктер Ресейде жарылыс жасауды жоспарлаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1231242-akimder-olimpiada-zhuldegerlerine-zha.html