RU

Головкин Қазақстандағы бай спортшылардың көшін бастады

«Toprichests.com» сайты Қазақстанның ең қалталы спортшыларының тізімін жариялады. Бұл рейтингте кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин көш бастап тұр деп жазады Массагет.

Орта салмақта WBA, IBF IBO және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына отандасымыз Геннадий Головкиннің байлығы 8,5 миллион АҚШ доллармен өлшенген.

Екінші орынға Атланта Олимпиадасының чемпионы, кәсіпқой бокста қазақ елін танытқан боксшы Василий Жиров орналасқан. Бір кездері кәсіпқой рингте «Балқаш барысы» деген атпен танылған боксшының байлығы 8,1 миллион долларға бағаланған.

Үштікті бұрынғы ұлттық құрама және «Барыс» командасының хоккейшісі Николай Антропов (7,6 миллион доллар) түйіндеген.

Қазақстандағы ең бай 10 спортшының рейтингі төмендегідей:

1. Геннадий Головкин — $8,5 миллион

2. Василий Жиров — $8,1 миллион

3. Николай Антропов — $7,6 миллион

4. Самат Смақов — $7,5 миллион

5. Бақтияр Артаев — $6,9 миллион

6. Ярослава Шведова — $5 миллион

7. Галина Воскобоева — $4,3 миллион

8. Виталий Колесник — $3,5 миллион

9. Андрей Карпович — $3,3 миллион

10. Руслан Балтиев — $2,8 миллион

Тағы да оқыңыздар:

Мәскеу әуежайында Жириновскийдің КСРО-ны қайтару туралы бейнеролигі көрсетілуде

Ұятты жерін көрсетіп суретке түскен ағылшындық футболшы күлкіге қалды (фото)

Жақыпов пен Әлімханұлы жеңілсе де 10 мың доллар алатын болды (фото)

Алматыдан ауылға көшіп кеткен келіншек ешкі бағып, күн көріп жүр (фото)

Арыстанбек Мұхамедиұлы киім таңдауда Италия және Франция министрлеріне еліктейтінін айтты

Жазира Жаппарқұлға бейтаныс жанкүйері ақ боз ат мінгізді (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1231249-golovkin-qazaqstandaghy-bay-sportshyl.html