RU

Дінтанушы: Еліміздегі сәләфилер жылт еткен ақын, әнші, спортшыны өз қатарына қосып алады

Дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы сәләфилердің қарапайым адамдарды қалай баурап алатынын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасына жазған.

"Сəлəфилер жылт еткен əнші, ақын, спортшы, журналист, аналитик т.б танымал адам көрсе, қалтасы қалың кəсіпкерді көздері шалса, оларды мақсатты түрде өз қатарларына қосуға тырысады. Оларды қаратса, оларға еліктеген қалың жастарды оңай қанжығаларына байлайтындықтарын жақсы түсінеді. Олармен жұмыс істеудің түрлі жолдарын меңгерген. Сəйгүлік мінгізіп, бүркіт сыйлайды. Сəлəфи сеніміндегі əдемі қызбен үйлендіреді. Жұмыссыз жүргендерін айлыққа байлайды. Жұмысқа тұрғызады. Əлеуметтік желіде жарнамасын жасап, көңілдерін қош етеді. Сайт ашып береді. Құрығы ұзын, жоғарғы жақтағы билік өкілдері немесе қалтасы қалың кəсіпкерлері арқылы арзан бағамен баспана мəселесін шешіп тастайды. Тендер алып береді. Спортшыға спортшыны, əншіге əншіні, кəсіпкерге кəсіпкерді, журналистке журналисті салады. Тіпті есерсоқтарды да тиімді пайдаланып, ұнамағандарына айдап салып, қоқаң-лоқы жасатып отырады", - деді Жолдыбайұлы.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ақтөбедегі терактіні ұйымдастырғандар сәләфи бағытын ұстанғандар екені хабарланған болатын.

Тағы да оқыңыздар:

Мәскеу әуежайында Жириновскийдің КСРО-ны қайтару туралы бейнеролигі көрсетілуде

Ұятты жерін көрсетіп суретке түскен ағылшындық футболшы күлкіге қалды (фото)

Жақыпов пен Әлімханұлы жеңілсе де 10 мың доллар алатын болды (фото)

Алматыдан ауылға көшіп кеткен келіншек ешкі бағып, күн көріп жүр (фото)

Динара Сұлтан қазақы нақыштағы көйлегімен әлемдік журналға шығуды армандауда (фото)

Ызаланған ақтөбеліктер Ресейде жарылыс жасауды жоспарлаған

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1231256-dintanushy-elimizdegi-salafiler-zhylt.html