RU

Отадан көз ашпаған қызылордалық сәбидің анасы қайырымды жандардан көмек сұрайды

Қызылорда облысында тұратын екі жасар Қайсар Сайлаубекұлына қайырымды жандардан шұғыл көмек қажет. Қос бүйрегінің бірі толық, бірі жартылай жұмыс істемейтін нәрестенің бүгінгі хәлі өте ауыр.

Ұлдарының дертіне ем жасауға ата-анасының жағдайы жоқ деп хабарлайды 31 арна.

Қайсарды анасы сегіз айлығында дүниеге әкелген. Екі жастағы нәресте жеті айлығынан бастап аурушаң болады. Ата-анасының айтуынша, баланың дерті салқын тигеннен басталған. Кейін ауруы асқынып, бүлдіршін денсаулығының күннен-күнге нашарлағаны жандарына батқан отбасы сәбилерінің сауығып кетуі үшін талай аурухананың табалдырығын тоздырған екен.

"Бүйрек салдырыңдар дейді. Мен ол бүйректі қайдан табамын? Әлі жас, өз бүйрегінің жартысы істеп, жартысы істемейді. 6 рет операция жасады", - дейді Қайсардың анасы Орынкүл Бадықбаева.

Бүлдіршіннің тиісті ем-домына қаражат табуға отбасының қауқары келмейді. Өйткені Қайсардың әкесі де, анасы да жұмыссыз. Ал жанұя нәрестенің анасының мүгедектігіне берілетін жәрдемақымен күнелтуге мәжбүр. Ақ халаттылар болса, Қайсардың бүгінгі жағдайының өте ауыр екенін айтады. Сондықтан баланың бүйрегін ауыстырғаннан басқа амал жоқ деп отыр.

Осылайша ауыл дәрігерлері қолдарынан келер шара жоқ екенін жеткізді. Ал күн өткен сайын ентікпесі үдеп,тыныс алуы қиындап бара жатқан Қайсардың ата-анасы қайырымды жандар қаржылай және донорлық тұрғыдан көмек берсе дейді.

Тағы оқыңыздар:

Лилия Рахтың беделді де ауқатты достары

Қыздың пәктiгiне аса мән беріп, одан бас тарту қаншалықты дұрыс?

Атышулы сәнгер Лилия Рах 33 жастағы Өзбекстан азаматын ұрлады деп күдіктелуде

Дінтанушы: Еліміздегі сәләфилер жылт еткен ақын, әнші, спортшыны өз қатарына қосып алады

Әкімдер Олимпиада жүлдегерлеріне жарысып көлік сыйлап жатыр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1231435-otadan-koz-ashpaghan-qyzylordalyq-sabi.html