RU

Мәскеуде ардагер өзінен 60 жас кіші сүйіктісіне оңбай алданып қалды (фото)

Мәскеуде 35 жастағы әйел Ұлы отан соғысы ардагерін алдап, пәтерін тартып алды. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Қарияға ғашық болған әйелдің кейпін танытқан Юлия Козлякова әу бастан оның пәтерін иемденуді көздейді.

95 жастағы ҰОС ардагері Иван Ильич Донской өзінен 60 жасқа кіші әйелге үйленетініне сенімді болған. Алайда қарияның бұл махаббаты оған ақырында қиындықтар алып келді.

Козлякова зейнеткердің сеніміне кіріп, онымен жақын қарым-қатынасқа түседі. Көп ұзамай ардагер оған үйлену ұсынысын жасап, 50 мың рубльге жүзік сатып алған.

Юлия бірден келісімін беріп, бірнеше күннен кейін бір құжаттарға қолын қоюды өтінеді. Қария әйелді өз пәтеріне тіркеу үшін қол қойып жатырмын деп ойлаған.

Содан кейін Юлия ұшты-күйлі жоқ болады. Ал ардагер кейін пәтерді әйелдің атына аудару үшін қол қойғанын түсінеді.

Зейнеткер амалсыз өз пәтерін босатып, туыстарына көшіп барды. Бүгінде ол сот арқылы өз пәтерін қайтарып алуға тырысуда. Ал ардагердің қорғаушысы болса, Юлия өз жазасын алатынына сенімді.

Тағы оқыңыздар:

Лилия Рахтың беделді де ауқатты достары

Қыздың пәктiгiне аса мән беріп, одан бас тарту қаншалықты дұрыс?

Атышулы сәнгер Лилия Рах 33 жастағы Өзбекстан азаматын ұрлады деп күдіктелуде

Дінтанушы: Еліміздегі сәләфилер жылт еткен ақын, әнші, спортшыны өз қатарына қосып алады

Әкімдер Олимпиада жүлдегерлеріне жарысып көлік сыйлап жатыр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1231459-maskeude-zhas-ayel-ozine-uylenbek-bolgh.html