RU

Сырқат балаға көмектесу үшін Олимпиада жүлдегері өз медалін сатып жіберді

Поляк спортшысы Петр Малаховский Рио-де-Жанейродағы Олимпиадада диск лақтыру бойынша жеңіп алған күміс медалін қатерлі ісікпен ауыратын үш жасар баланың емін төлеу үшін сатып жіберген.

Бұл туралы поляк өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Gazeta.ru-ға сілтеме жасап ҚазАқпарат.

Марапат ретінде атлет 126 мың доллар алған. Айта кетейік, Петрден Олимпиаданың күміс медалін поляк миллиардерлері Доминика және Сесастьян Кульчик сатып алған.

«Мен Олегке көмектесу туралы шешім қабылдап, Риода жеңіп алған күміс медалімді аукционға шығардым. Түскен барлық қаражат Олегтің еміне жұмсалатын болады», - деп жазды ол.

Тағы оқыңыздар:

Лилия Рахтың беделді де ауқатты достары

Қыздың пәктiгiне аса мән беріп, одан бас тарту қаншалықты дұрыс?

Атышулы сәнгер Лилия Рах 33 жастағы Өзбекстан азаматын ұрлады деп күдіктелуде

Дінтанушы: Еліміздегі сәләфилер жылт еткен ақын, әнші, спортшыны өз қатарына қосып алады

Әкімдер Олимпиада жүлдегерлеріне жарысып көлік сыйлап жатыр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1231474-balanynh-emi-ushin-olimpiada-2016-zhuldeger.html