RU

Шетелде ем алып жатқан Баян елге оралды

Белгілі продюсер Баян Есентаева Алматыға оралды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Баянның Instagram желісіндегі парақшасынан белгілі болды. Ол Алматыдағы кафелердің бірінің жанында түскен суретін салып, «Сүйікті қаламды қатты сағындым» деп жазып қойған.

Желі қолданушылары бұған қатты қуанды. Баянның түрі мен киім-киісіне назар аударған олар продюсердің қатты арықтап кеткенін де байқап қойды.

Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың 10 маусымында қазақстандық продюсер Баян Есентаеваны күйеуі Бақытбек Есентаев ауыр соққыға жығып, ол Талғар аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан еді. Бұдан соң, оның күйеуі Бақытбектің тұтқынға алынғаны белгілі болған.

Ал тамыздың 3 күні  оның абақтыда отыру мерзімі тағы бір айға ұзартылған болатын. Баян 20 маусым күні ауруханадан шығарылып, кейіннен оның Германияда сауықтыру орталығында жатқаны белгілі болған.

Кейіннен оның соққыға жығылғаннан кейін салған алғашқы суреті жарияланып, қалың жұртшылықтың қуанышы қойнына сыймаған еді. Бүгінде продюсердің суреттері желіде жиі жарияланып жүргенімен, ол өзінің бет-жүзін көрсетпей түсіп жүр. Дегенмен, оның суреттеріне әншінің денсаулығы қалпына келе жатқанын байқауға болады.

Тағы оқыңыздар:

Лилия Рахтың беделді де ауқатты достары

Қыздың пәктiгiне аса мән беріп, одан бас тарту қаншалықты дұрыс?

Атышулы сәнгер Лилия Рах 33 жастағы Өзбекстан азаматын ұрлады деп күдіктелуде

Дінтанушы: Еліміздегі сәләфилер жылт еткен ақын, әнші, спортшыны өз қатарына қосып алады

Әкімдер Олимпиада жүлдегерлеріне жарысып көлік сыйлап жатыр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1231499-shetelde-em-alyp-zhatqan-bayan-elge-orald.html