RU

Есіктегі топ болып зорлауға қатысы бар соңғы күдікті ұсталды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында әйел зорлау ісіне қатысы бар соңғы күдікті қолға түсті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол 1994 жылғы Есік қаласының тұрғыны Нұрбол Е., болып шықты. Күдікті қалада таныстарының үйінде жасырынып отырған. Атышулы істі анықтау үшін Талдықорғаннан Алматы облысы ІІД басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Мәсімов келді.

Осыған дейін үш күдікті ұсталған болатын, олар жергілікті тұрғындар: немере ағайынды - 1984 жылы туған Ербол Е., мен 1987 жылы туған Алмаз Е., сондай-ақ 1994 жылы туған Асхат Б., олар Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер бөлімшесінің уақытша ұстау изоляторында отыр.

Еске салсақ, таяу күндері әлеуметтік желілерде жәбірленген әйелдің анасы - Еңбекшіқазақ ауданы тұрғынының жұртшылыққа үндеуі пайда болды, әйел қызын зорлаған төрт адамды тауып, жазалауын талап етті. Анықталғандай, аталмыш факті Есік қаласында 13-інен 14-іне қараған түні орын алған. Полицейге жергілікті тұрғынды зорлағаны туралы шағым келіп түсті. Күдіктілер 22-29 жастағы төрт ер адам. Үшеуі ұсталды, олар УҰИ-ге қамалды.

Қылмыстық кодекстің 120 және 125-баптары бойынша қозғалған қылмыстық іс Тергеу басқармасының өндірісінде. Оқиға орнында тергеу жедел тобы жұмыс істеуде.

Тағы оқыңыздар:

Лилия Рахтың беделді де ауқатты достары

Қыздың пәктiгiне аса мән беріп, одан бас тарту қаншалықты дұрыс?

Атышулы сәнгер Лилия Рах 33 жастағы Өзбекстан азаматын ұрлады деп күдіктелуде

Дінтанушы: Еліміздегі сәләфилер жылт еткен ақын, әнші, спортшыны өз қатарына қосып алады

Әкімдер Олимпиада жүлдегерлеріне жарысып көлік сыйлап жатыр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1231663-esiktegi-top-bolyp-zorlaugha-qatysy-ba-2.html