RU

Қайрат Нұртастың жаңа әніне тыңдармандары қызығып қалды (видео)

Әнші Қайрат Нұртастың жаңа әнінен үзінді тыңдаған қолданушылар оның жарыққа шығуын асыға күтіп жүр деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші Қайрат Нұртас әлеуметтік желідегі парақшасына әлі жарыққа шықпаған жаңа әнінен қайта-қайта үзінділер беріп, қолданушыларды қызықтырып қойды. Бірінші рет әннің үзіндісін Қайрат Нұртас Бурабайдағы Оқжетпес шыңынан түскен видеосында берген болатын. Оның жаңа әнінің әуенін ұнатып қалған қолданушылар әннің толық нұсқасын тыңдамайынша, көңілдері көншімейтінін айтқан.

Сонымен бірге, олар сол жолы шықпай жатып хитке айналған әннің атауын да білгісі келетіндіктерін жеткізген болатын. Алайда, ел назарында жүрген әнші олардың қызығушылықтарын басуға асықпады. Ол әннен үзінді беруін тоқтатпай тағы бір видео салды.

«Жаңа хит ағайын, бұйырса», - деді ол видеода.

Әншінің тыңдармандары әннің музыкасын ұнатып, оның тезірек жарыққа шығуын күтіп жүргендіктерін жасырмады.

Тағы оқыңыздар:

Лилия Рахтың беделді де ауқатты достары

Қыздың пәктiгiне аса мән беріп, одан бас тарту қаншалықты дұрыс?

Атышулы сәнгер Лилия Рах 33 жастағы Өзбекстан азаматын ұрлады деп күдіктелуде

Дінтанушы: Еліміздегі сәләфилер жылт еткен ақын, әнші, спортшыны өз қатарына қосып алады

Әкімдер Олимпиада жүлдегерлеріне жарысып көлік сыйлап жатыр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1231671-qayrat-nurtastynh-zhanha-ani-qoldanushyl.html