RU

Қарақат әрқашан айтқаны келетін күйеуінің қасиетіне таң қалды

Танымал әнші Қарақат Әбілдина өзінің жары Қыдырәлі Болмановтың «аузы дуалы» екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында Қыдырәлінің бойындағы әкелік, елге үлгі болар қасиеттері туралы айтып берді. Қарақаттың айтуынша, Қыдырәлінің әрқашан айтқаны келедi.

«Осы кісінің әрқашан айтқаны келеді, аузы дуалы, негiзi. Бұл қасиет үнемi жақсы сөйлеп, жақсы ой ойлайтын, жақсылықтың боларына сенетiн, бiр ауыз сөздiң қадiрiн түсiнетiн адамға тән шығар», - деп жазды әнші.

Қарақат отағасының бала-шағасына, өзіне жаман сөз сөйлеуге тыйым салып отыратынын да жасырмады.

«Керісiнше, ұлдарына «Ақ Патшам», «5 дүркiн Әлем Чемпионы», «Гений балам» деп, төбесiне көтеруден жалықпайды. Үнемi жақсы сөйлейдi. Онысы жақсы сөздi жастайынан құлағына құйып, санасына сiңiре берсiн дегенi екен ғой... «Жақсы сөз - жарым ырыс». Барша адамзатқа, әсiресе бала тәрбиесiнде ерекше ескерiлу керек, үлкен мәселе бұл...», - деп ой түйді Қарақат.

Қыдырәлінің бала тәрбиесіне ерекше ден қоятынын тілге тиек еткен әнші оқырмандарына кез келген сөздің байыбына барып қана айтуға кеңес берді. Желі қолданушылары әншінің бұл жазбасына алғыс айтып, оны мағыналы ой түйіп, мәнді кеңестерімен бөлісетіні үшін мақтап қойды.

Тағы оқыңыздар:

Лилия Рахтың беделді де ауқатты достары

Қыздың пәктiгiне аса мән беріп, одан бас тарту қаншалықты дұрыс?

Атышулы сәнгер Лилия Рах 33 жастағы Өзбекстан азаматын ұрлады деп күдіктелуде

Дінтанушы: Еліміздегі сәләфилер жылт еткен ақын, әнші, спортшыны өз қатарына қосып алады

Әкімдер Олимпиада жүлдегерлеріне жарысып көлік сыйлап жатыр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1231723-qaraqat-zhary-qydyralini-auzy-dualy.html