RU

Теміртауда жас жігітті қыз үшін көзінен айырып, азапқа салған (фото)

25 жастағы Теміртау тұрғынын бір топ жігіт ұрлап әкетіп, аяусыз соққыға жықты. Олар жігіттің көзіне травматикалық қарумен атып, соқыр еткен. Бәріне себеп - қызғаныш. Бұл туралы NUR.KZ порталы хабарлайды.

"Бәрі бойжеткенге бола басталды. Оқшаулағышқа қамалған күдікті сүйіктісін Бекзаттан қызғанған", - дейді зардап шегуші Бекзат Сүлейменовтің апайы.

Күдікті сыбайластарымен бірге Бекзатты ұрлаудың жоспарын құрған. Олар мас күйде Бекзатқа және оның досына тап берген.

"Ринат маған екі рет келіп, екі ретінде де травматикалық қарудан көзіме атып жіберді. Мен құлап түстім, көзімнен қан заулап ақты. Содан кейін бірнеше рет басымнан соққы жасап, досыммен бірге көлікке күштеп мінгізді. Көршілес жатқан Астаховка ауылына алып кетіп, сол жердегі қаңыраған гаражда мені соққыға жықты. Мені кім соққыға жығып жатқанын көре алмайтындай күйде болдым. Дегенмен Ринат пен оның досы Берікболдың айқайларынан ең белсенділері солар екенін ұқтым. Олар кәуап шампурымен менің аяғымды тесіп, қолым мен мойнымды тілді", - деп есіне алды Бекзат.

Бекзаттың досы болса, бірнеше соққы алғанымен, мас жігіттерден қашып құтылған. Ол ұялы телефон арқылы полицейлерге және Бекзаттың ағасына хабарласқан.

Айта кетсек, күдіктілердің бірі бүгінде қамауға алынды. Екіншісі әзірге сұраққа алынуда. Зардап шегушіні азаптаған гаражда екі травматикалық қару табылды.

"Дәрігерлер ендігі көзім мүлдем көрмейтінін айтты. Екі көзіме де ауыр зақым келген", - дейді Бекзат.

Тағы оқыңыздар:

Құралай Нұрқаділованың үйі тәркіге алынып, сатылымға қойылды

Есіктегі топ болып зорлауға қатысы бар соңғы күдікті ұсталды

Ғани Қасымов қыздардан жүзін "иттің тұмсығына" айналдырмауды өтінді

Қазақстанда жеті ата туралы мәлімет жинайтын мобильді қосымша пайда болды

Шымкентте бала сатуды бизнеске айналдырған акушерлер сотталып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1231779-temirtauda-zhas-zhigit-boyzhetkenge-bol.html