RU

Лилия Рахтың қамауға алынуына қатысты тың ақпарат пайда болды (фото)

Танымал қазақстандық сәнгер Лилия Рахтың қамауға алынуына қатысты тың ақпарат пайда болды. Бұл туралы «Время» басылымына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Лилия Рахтың қамауға алынғаны туралы тек 23 тамыз күні белгілі болғанымен, ол қамауға бір жарым ай бұрын алынған болып шықты.

Бәрі танымал өзбек кәсіпкерінің Алматыға ұшып келуінен басталған. Келе салысымен кәсіпкер серіктесіне хабарласып, кездесуге шақырады. Алайда содан кейін шетелдік ұшты-күйлі жоқ болып, оның ұялы телефоны өшірулі күйде болған. Серіктесін ұзақ іздеген алматылық ақыры полицейлерге хабар береді.

Оның арызы бойынша қылмыстық іс қозғалып, жоғалған адамды іздеу шаралары қолға алынады. Ол кезде өзбек кәсіпкерінің жоғалғанына 20 тәулік болған еді.

Полицейлер Алматы әуежайы мен көшелеріндегі бейнекамералар арқылы кәсіпкерді қай көлік алып кеткенін анықтаған. Көлік иесі кәсіпкерді ұрлауға қатысты бірқатар ақпарат берді.

Басылымның айтуынша, Лилия Рахтың байырғы бизнес әріптесі болған өзбек кәсіпкерін Рахтың өзі үш танысына ұрлап әкетуді бұйырған. Себебі, кезінде Лилия оған кәсібін дөңгелету үшін 100-200 мың доллар қарызға берген көрінеді. Алайда ол қарызын қайтармай, қашып жүргенімен кәсіпкер әйелдің ашуына тиген.

Рахты танитындардың бірі NUR.KZ порталына ұрланған ер адамның есімі Хамро Суванов екенін мәлімдеді. Редакция онымен хабарласуға тырысқанымен, телефоны сөндірулі болып шықты. Ал желідегі парақшасы жаңартылмағанына біраз уақыт болған.

Еске салсақ, Алматыда Лилия Рахтың тұтқындалғаны хабарланып, оның ауқатты достары бұл жайтқа алаңдаушылық білдірген болатын.

Тағы оқыңыздар:

Құралай Нұрқаділованың үйі тәркіге алынып, сатылымға қойылды

Есіктегі топ болып зорлауға қатысы бар соңғы күдікті ұсталды

Ғани Қасымов қыздардан жүзін "иттің тұмсығына" айналдырмауды өтінді

Қазақстанда жеті ата туралы мәлімет жинайтын мобильді қосымша пайда болды

Шымкентте бала сатуды бизнеске айналдырған акушерлер сотталып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1231865-liliya-rakhtynh-qamaugha-aluynuyna-qatys.html