RU

Көкшетаулық азамат қонақүйді «жарамын» деп бүкіл қаланы аяғынан тік тұрғызды

Көкшетауда қонақүйді жармақ болған күдікті ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады деп жазады ҚазАқпарат.

Полицейлердің мәліметі бойынша, тамыздың 24-ы күні қалалық ішкі істер органдарына белгісіз адам хабарласып, «Достық» қонақүйіне жарылғыш зат қойылғанын айтқан.

«Аталған қонақ үйге дереу жеткен құқық қорғау органдары мен құтқару қызметінің қызметкерлері және кинологтар иісшіл итпен ғимараттың іші- сыртын тінтіп шығып, жарылғыш затты таппады.

Кейін араға бір сағат салып, 24 жастағы «жалған террорист» қолға түсті. Ол өзінің әрекетін мастықтан осындай әзіл жасамақ болдым түсіндірді.

Қазіргі кезде, жұртты дүрліктірген «жалған террорист» уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылып, үстінен ҚР ҚК 273 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп көрсетілген хабарламада.

Тағы оқыңыздар:

Құралай Нұрқаділованың үйі тәркіге алынып, сатылымға қойылды

Есіктегі топ болып зорлауға қатысы бар соңғы күдікті ұсталды

Ғани Қасымов қыздардан жүзін "иттің тұмсығына" айналдырмауды өтінді

Қазақстанда жеті ата туралы мәлімет жинайтын мобильді қосымша пайда болды

Шымкентте бала сатуды бизнеске айналдырған акушерлер сотталып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1232028-qonaquydi-zharamyn-dep-orynsyz-azil.html