Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бердібек Сапарбаев қызметтік көлікке мінбей, шаң басқан көлікпен ауыл аралады

Опубликовано:

Кеше Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Қараой ауылына барды. Ауыл әкімдері жол бойында күтіп тұрғанда басқа тұстан келген облыс әкімі учаскелік полиция қызметкерінің шаң басқан көлігіне мініп, ауылды аралап тастаған.

Облыс әкімімен бұрын соңды жүздесіп көрмеген полицей алған әсерін жасыра алмады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

« Аудандық ІІБ-нің тапсырмасы облыс әкімін күтіп алуға шықтым. Әкімшілік қызметкерлері облыс әкімін егіс жақтан күткен. Ал Бердібек Машбекұлы ауылдың өзіне келіп тоқтады. Сол жерде облыс әкіміне ауылдың жағдайын баяндадым, тыныштығын айттым. Әкім «Жүріңіз, сіздің көлігіңізбен ауыл аралаймын» дегенде сасып қалдым. Себебі облыс әкімін басқа жолда «Джип» көлігі күтіп тұрған болатын. Бердібек ағамыз менің көлігімнің шаң басып тұрғанына қарамастан мініп алып, ауылды аралады. Жастардың жағдайын, қылмыстық көрсеткішті сұрады. Облыс әкіміне ауылды мен аралаттым, бәрінен де сол жері қызық болды. Енді әкім отырған құтты орынды шаң басса да сүртпейін деп отырмын»,- дейді учаскелік полиция қызметкері Темірбек Ниязов.

Бір жылдан аса уақыт учаскелік полиция қызметінде жүрген жас полицей әкіммен болған кездесуден алған әсерін осылай бөлісті. Ал ауыл тұрғындары облыс әкімін көргенде таң қалғандарын жасырған жоқ.

«Біздің ауылға 25 жылдан бері бұлай облыстан әкім келіп көрмеген. Мұндай жағдай бірінші рет болып тұр. Бердібек Сапарбаевтың өзі келіп, халықпен амандасып, жағдайымызды сұрады. Ауыл тұрғындарының барлығы жиналып, бұрын әкім көрмегенімізді айттық. Тұрғындардың еңсесі көтеріліп қалды»,-дейді ауыл тұрғыны Мұхит Керейұлы.

Учаскелік полиция қызметкерінің көлігіне мінген облыс әкімі медициналық пунктке, мектепке жиналған халықпен кездесуге барған. Ал облыс әкімін ауылға кіре берістен күткен ауылдың шенділері басшыны халықтың арасынан тауып алыпты.

Тағы да оқыңыздар: 

Өскеменде қабаған ит балақайдың басын жұлып ала жаздады

Баспаналы болатынын 1 күн бұрын естіген шымкенттік мұғалімнің қуаныштан жүрегі жарыла жаздады (фото)

Не істерін білмеген ресейлік губернатор өртті қарбызбен сөндірді (фото)

Мақпал Исабекованың елді дүрліктірген суреттері (фото)

Теміртауда жас жігітті қыз үшін көзінен айырып, азапқа салған (фото)

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар NUR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1232187-berdibek-saparbaev-ozin-kutip-turghan/

pixel