RU

Төрт жасар баласымен бірге жоғалып кеткен әйел аман-есен табылды

Шығыс Қазақстан облысы  Зайсан ауданында жоғалып кеткен Мөлдір Әбішева мен оның 4 жасар ұлы Әл-Әнуар Семейден табылды және оларды Қарағандыға жіберді.

Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров хабарлады деп жазады Қазақпарат.

«Кеше, 24 тамыз күні жедел-іздестіру шаралары барысында Қарағанды облысының полиция қызметкерлері Мөлдір Әбішева мен оның ұлы Әл-Әнуар Нүктеновті Семей қаласынан тапты. Қазір оларды Қарағандыға жіберіп жатыр», - деді Құдияров.

Оның айтуынша, ана мен баланың үйден кету себептері анықталып жатыр.

«Олардың жағдайы жақсы, еш жарақат алмаған. Күйеуі қасында», - деп өз сөзін толықтырды Б.Құдияров.

30 шілде күні күндіз М.Әбішева 4 жасар баласымен Зайсандағы үйінен шығып кеткен. Олар Қарағандыға жолға шығу керек болған, бірақ сол күйі жоғалып кеткен.

Балалы әйелдің жоғалғаны туралы туыстары Қарағандыдағы Михайлов полиция бөліміне арыз жазған. Оларды іздестіру үшін жедел топ құрылды.

Тағы да оқыңыздар: 

Бердібек Сапарбаев өзін күтіп тұрған "Джипке" мінбей, шаң басқан көлікпен ауыл аралады

Қайрат Нұртас ерекше құттықтаған бойжеткен белгілі меценаттың қызы болып шықты

Өскеменде қабаған ит балақайдың басын жұлып ала жаздады

Баспаналы болатынын 1 күн бұрын естіген шымкенттік мұғалімнің қуаныштан жүрегі жарыла жаздады (фото)

Не істерін білмеген ресейлік губернатор өртті қарбызбен сөндірді (фото)

Мақпал Исабекованың елді дүрліктірген суреттері (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1232297-tort-zhasar-balasymen-birge-zhoghalyp-ke.html