RU

Левит: Тищенко маған алтын медалін шешіп берсе де алмас едім

Риодағы Олимпиада ойындарында бокстан күміс жүлде алған Василий Левит өзіне жасалған төрешілердің әділетсіздігіне қатысты сұхбат берді. Бұл туралы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

- Болашаққа жоспарыңыз қандай? Токиға барасыз ба? Келесі Олимпиадаға қатысасыз ба?

- Бір айдан кейін не боларын білмеймін. Ал төрт жылдан кейінгіге, тіпті еш болжамым жоқ. Бүгінде мен отбасылық мәселелеріме ден қоймақпын. Содан кейін ойлана жатармын.

- Жаңа пәтеріңізді көрдіңіз бе?

- Бұл оңай шаруа емес. Қазір адамдар мұны ұйымдастырып жатыр. Әзірге кілтті қолыма алған емеспін.

- Олимпиадаға дейін сақалмен жүрдіңіз. Қайта сақал қоясыз ба?

- Бұл да тез болмайды ғой. Күту керек.

- Тищенкомен қайта қолғап түйістіргіңіз келмей ме?

- Бұл қызық болар еді... Дегенмен оның болар-болмасын уақыт көрсетеді.

- Егер сіз Тищенконың орнында болсаңыз алтын медальді бере салар ма едіңіз? Көпшілік Тищенко солай істеуі тиіс болды деп санайды.

- Білесіз бе, қанша адам бар болса, сонша пікір де болады. Адами тұрғыдан мен оны түсінемін. Қай спортшы өз медалінен айырылғысы келеді дейсіз? Қалай жеңгені маңызды емес, ол жерге бәрі тек жеңу үшін барады. Сол себепті, не үшін беруі тиіс? Медаль оған тиесілі. Мен оны қабылдамас едім.

- Қабылдамайсыз ба сонда?

- Қабылдап қайтемін? Маған "күміс" берді, екінші медальдің маған қажеті қанша?

Еске салсақ, Василий Левитке Риодағы төрешілер алтын емес күміс медаль бергені қалың жұртшылықтың наразылығын тудырған болатын.

Тағы оқыңыздар:

Құралай Нұрқаділованың үйі тәркіге алынып, сатылымға қойылды

Есіктегі топ болып зорлауға қатысы бар соңғы күдікті ұсталды

Ғани Қасымов қыздардан жүзін "иттің тұмсығына" айналдырмауды өтінді

Қазақстанда жеті ата туралы мәлімет жинайтын мобильді қосымша пайда болды

Шымкентте бала сатуды бизнеске айналдырған акушерлер сотталып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1232306-levit-tishchenko-maghan-medalin-sheship-ber.html