RU

АҚШ-қа бет алған ұшақ шұғыл түрде Қазақстанға қонды

АҚШ-қа бағыт алған Air India әуекомпаниясының ұшағы Қазақстанға қонуға мәжбүр болды, жолаушылар қауіпсіз жерге шығарылды, - деп хабарлайды Bnews.kz.

«Мумбайдан Ньюаркке (Нью-Джерси штаты) ұшып шыққан АІ191 рейсі техникалық себептерге байланысты Қазақстанға жіберілді», - деп аталып өткен әуе компаниясының хабарламасында.

Үндістандық БАҚ деректері бойынша, ұшақтың жүк салу бөлігінде өрт дабылы ойнаған. Бірақ әуе кемесінің бортында түтін мен өрт байқалған жоқ, қазіргі уақытта лайнерді мамандар тексеріп жатыр.

Ұшақ Мумбайдан жергілікті уақытпен сағат 02.25-те ұшқан және Қазақстанға сағат 8.00-де қонған. Әуе кемесі қай әуежайға қонғаны анықталған жоқ.

Тағы да оқыңыздар: 

Бердібек Сапарбаев өзін күтіп тұрған "Джипке" мінбей, шаң басқан көлікпен ауыл аралады

Қайрат Нұртас ерекше құттықтаған бойжеткен белгілі меценаттың қызы болып шықты

Олимпиада чемпиондары неліктен медалін тістеп суретке түседі? (фото)

Өскеменде қабаған ит балақайдың басын жұлып ала жаздады

Баспаналы болатынын 1 күн бұрын естіген шымкенттік мұғалімнің қуаныштан жүрегі жарыла жаздады (фото)

Мақпал Исабекованың елді дүрліктірген суреттері (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1232336-aqsh-qa-bet-alghan-ushaq-shughyl-turde-qazaq.html