RU

Данияр Елеусінов Баркер кубогын алуды армандамағанын айтты (фото)

2016 жылғы Рио Олимпиадасының жеңімпазы Данияр Елеусінов Вэл Баркер кубогынан үмітті болмағанын алға тартады деп хабарлайды Қазақпарат.

Бүгін Астанада олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен және ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы Тимур Құлыбаевпен кездескен болатын.

«Мен Олимпиада барысында Баркер кубогын иеленсем деп армандаған да емеспін. Өйткені, өткен жолғы Лондон Олимпиадасында оны біздің боксшы Серік Сәпиев алған болатын. Екі жарыста қатарынан бір елдің боксшысына мәртебелі кубокты бере салады деп ойламадым. Сондықтан да, менің бар ойым Олимпиада «алтыны» болды», - деді журналистерге берген сұхбатында Данияр Елеусінов.

Оның сөзіне қарағанда, Олимпиада чемпионы атағы боксшының бала кезінен бергі арманы екен. Сонымен қатар, ол Олимпиада ойындарындағы жеңісті басқа ешқандай да жарыстармен салыстыруға келмейтінін де айтады. «Олимпиада - бұл үлкен жетістік, биік шың. Менің қолымды көтергенде, менде одан басқа арман да, тілек те болған жоқ. Ал жоспарға келсек, шынымды айтсам, әзірге ешқандай жоспар жоқ. Біраз тынығамын. Сосын барып ойланамыз», - деді чемпион Елеусінов.

Айта кетейік, олимпиада ойындарындағы Вэл Баркер кубогы 1936 жылдан бері тәсілі мықты боксшыларға беріліп келеді. Бұған дейін Қазақстаннан Василий Жиров (1996), Бақтияр Артаев (2004) және Серік Сәпиев (2012) Вэл Баркер кубогын иеленген болатын. Бұл жөнінен Қазақстан АҚШ боксшыларынан кейін (оларда 5 кубок бар) екінші орында тұр. Ал Рио Олимпиадасында Баркер кубогы өзбек боксшысы Хасанбай Дусматовқа тапсырылды. Сонымен қатар, биыл алғаш рет әйелдер арасындағы бокстан да Баркер кубогы тағайындалып, оны үздік техникасы үшін Кларесса Шилдс иеленді.

Тағы да оқыңыздар: 

Еркінен тыс алып қашқан қыз басына орамал таққызбай жанұшырды (видео)

Бердібек Сапарбаев өзін күтіп тұрған "Джипке" мінбей, шаң басқан көлікпен ауыл аралады

Левит: Тищенко маған алтын медалін шешіп берсе де алмас едім

Мақпал Исабекованың елді дүрліктірген суреттері (фото)

Жұлдызды әкелер мен олардың үлгілі ұлдары

Олимпиада чемпиондары неліктен медалін тістеп суретке түседі? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1232400-daniyar-eleusinov-barker-kubogyn-alud.html